Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

24.12.2025

«Бәйтерек» холдингі Ұлттық жоба аясында инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша вебинар өткізді

Кеңес ал!

24.12.2025

«Бәйтерек» холдингі Ұлттық жоба аясында инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша вебинар өткізді

«Бәйтерек» холдингі Ұлттық жоба аясында инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша вебинар өткізді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба аясында іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін түсіндіруге арналған вебинар өткізді.

Іс-шараның спикері ретінде Холдингтің басқарушы директоры Алия Мырзағалиева сөз сөйледі. Вебинарға табиғи монополия субъектілерінің, өңірлік әкімдіктердің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, салалық ұйымдардың, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым саласындағы жобаларды іске асыруға тартылған басқа да мүдделі тараптардың шамамен 150 өкілі қатысты.

Вебинар барысында «Бәйтерек» холдингінің Ұлттық жобаны іске асырудағы рөлі, қолданыстағы қаржыландыру құралдары, жобалар бастамашыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ Холдингтің даму институттарымен өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері жан-жақты қарастырылды. Жобаларды құрылымдау, ұзақмерзімді қаржыландыру тарту және инфрақұрылымдық бастамалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар қаржыландыру шарттары мен өтінім беру тәртібі бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Барлық сауалдарға спикер ашық пікірталас барысында жан-жақты түсініктеме берді.

Алия Мырзағалиева атап өткендей, Ұлттық жобаны іске асыру жүйелі тәсілді және барлық қатысушылардың белсенді өзара іс-қимылын талап етеді:

«Бәйтерек» холдингі Ұлттық жобаның негізгі қаржылық операторы ретінде энергетика және коммуналдық инфрақұрылым саласындағы инвестициялық бастамаларға кешенді қолдау көрсетеді. Біздің басты міндетіміз – жобаларды іске асыруды жеделдетуге, олардың тиімділігін арттыруға және өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ашық әрі түсінікті қаржыландыру тетіктерін қалыптастыру», – деп атап өтті ол.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар вебинардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, Ұлттық жоба шеңберінде Холдингпен одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар