04.11.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация құрамында Лондонда өткен Alatau City Roadshow іс-шарасына қатысты. Сапар барысында халықаралық қаржы институттарымен, банктермен және технологиялық серіктестермен кездесулер өтті.
Инвестициялық дөңгелек үстелде Тимур Онжанов Холдингтің жобаларды бірлесіп қаржыландыру және жаңа өндірістерге өнім жеткізуші бола алатын қазақстандық кәсіпорындарды қолдау мүмкіндіктерін таныстырды. Негізгі назар инвестициялар мен заманауи технологияларды тарту орталығына айналуға тиіс жаңа Alatau City қаласының инфрақұрылымын, энергетикасын, өнеркәсібі мен логистикасын дамытуға аударылды.
«Холдинг британдық капитал үшін қарыз алушы, кепілгер және бірлескен инвестор ретінде қазақстандық серіктес болуға дайын. Біз жобаларды бастапқы идеядан өндірісті іске қосуға дейін сүйемелдеуді ұсынамыз. Біздің міндетіміз бірлескен инвестициялардың Қазақстанда өңдеу саласын дамытуға және қосылған құн қалыптастыруға ықпал етуін қамтамасыз ету», - деп атап өтті Тимур Онжанов.
Халықаралық капитал тарту мүмкіндіктері Лондон қор биржасының басшылығымен, Société Générale, J.P. Morgan, Standard Chartered өкілдерімен, сондай-ақ Alatau City инвесторлары және стратегиялық серіктестерімен кездесулерде талқыланды. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуде энергетика және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастық қарастырылды.
Ұлыбританияның UK Export Finance (UKEF) экспорттық-кредиттік агенттігімен жұмыс сапардың жеке бағыты болды. Дөңгелек үстелде британдық жабдық, технология және инжинирингтік қызмет жеткізушілерінің қатысуымен Alatau City жобалары бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
UKEF өкілдерімен бөлек кездесуде Тимур Онжанов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) тәуекелдер жіктемесінде Қазақстанның елдік тәуекел санатын жақсартуға негіз болатын дәйектерді ұсынды. Бұл санатты қайта қарау экспорттық кредиттерді сақтандыру құнын төмендетіп, қазақстандық жобалар үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруы мүмкін.
«Холдинг бұл ынтымақтастықты Alatau City жобалары, Қазақстанның Даму Банкі арқылы экспорттық кредиттер беру, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігімен бірлесіп сақтандыру және қайта сақтандыру салаларындағы нақты мәмілелермен нығайтуға дайын», - деп атап өтті ол.
Сапар бағдарламасы аясында Magdalen College School басшылығымен және Waterleau компаниясымен де кездесулер өтті. Тараптар Alatau City-де білім беру инфрақұрылымын дамыту, суды дайындау және ағынды суларды тазарту технологияларын қолдану перспективаларын талқылады.
Холдингтің серіктестермен алдағы жұмысы инфрақұрылым мен жаңа өндірістерді қаржыландыру құралдарын, сондай-ақ қазақстандық бизнестің осы жобаларға қатысу мүмкіндіктерін пысықтауға бағытталады.
Анықтама
Лондон қор биржасы (London Stock Exchange) - бағалы қағаздарды орналастыруға және олардың айналымына арналған халықаралық алаң болып табылады. Компаниялар осы алаң арқылы капитал тартады.
Société Générale - корпоративтік және инвестициялық банктік қызметтер көрсететін француз банк тобы болып табылады.
J.P. Morgan - инвестициялық банкинг, қаржыландыру және активтерді басқару салаларында жұмыс істейтін JPMorgan Chase тобының халықаралық қаржы бренді болып табылады.
Standard Chartered - штаб-пәтері Лондонда орналасқан, корпоративтік және саудалық қаржыландыру қызметтерін ұсынатын халықаралық банк тобы болып табылады.
ЕҚДБ - жеке сектор, инфрақұрылым және энергетика жобаларын қаржыландыратын халықаралық даму банкі болып табылады.
UK Export Finance (UKEF) - қаржыландыру, кепілдіктер және сақтандыру арқылы британдық экспортты қолдайтын Ұлыбританияның экспорттық-кредиттік агенттігі болып табылады.
Magdalen College School - Ұлыбританияның Оксфорд қаласында орналасқан жекеменшік мектеп болып табылады.
Waterleau - суды дайындауға, ағынды суларды тазартуға және қайта пайдалануға маманданған халықаралық технологиялық компания болып табылады.