06.12.2024
- Холдинг туралы
Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңес пен «Qazaq Independent Directors» Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы ұйымдастырған корпоративтік басқару мәселелеріне арналған іс-шара өтті. Форумға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым сөз сөйлеп, холдингтің корпоративтік басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, ашықтық пен есептілік стандарттарын сақтау маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде Үсен Ғалым «Бәйтерек» холдингінің Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларын тұрақты дамытуға қолдау көрсетудегі маңызды рөлін атап өтті. Ол инвесторлар, мүдделі тараптар және қоғам алдындағы ашықтық пен есептілік қағидаттарына адалдық холдинг қызметінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
«Біздің қызметіміз корпоративтік басқарудың халықаралық озық стандарттарын енгізуге бағытталған, мұны тәуелсіз сарапшылардың бағалауындағы 98,8%-ға қол жеткізілген нәтижелер растайды. Біз барлық мүдделі тараптар арасында холдингке деген сенімді нығайта отырып, корпоративтік практикаларды жетілдіруді жалғастырамыз», – деді ол.
Форумда Үсен Асқарұлы Корпоративтік басқару кодексі аясында корпоративтік басқаруды дамыту шаралары туралы да айтып өтті. Осы жылы холдинг директорлар кеңесінің құрамын жақсартуға, гендерлік әртүрлілікті кеңейтуге және тұрақты даму қағидаттарын нығайтуға бағытталған жаңартылған нормаларды енгізді. Бұл бастамалар квазимемлекеттік кәсіпорындарға арналған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жетекші принциптері сияқты халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Форум аясында корпоративтік басқарудың негізгі сын-қатерлері мен Қазақстандағы перспективалары талқыланды. Үсен Ғалым мұндай іс-шаралар корпоративтік мәдениетті нығайтуға және Қазақстан бизнесі мен экономикасының ұзақ мерзімді табысы үшін қажетті инновациялық және тұрақты практикаларды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.