Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

15.10.2026

«Бәйтерек» холдингі халықаралық транзитке арналған газ-мотор инфрақұрылымын дамыту тәсілдерін таныстырды

Кеңес ал!

15.10.2026

«Бәйтерек» холдингі халықаралық транзитке арналған газ-мотор инфрақұрылымын дамыту тәсілдерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі халықаралық транзитке арналған газ-мотор инфрақұрылымын дамыту тәсілдерін таныстырды

Астанада өткен VIII «New Silk Way» халықаралық көлік-логистика бизнес-форумы аясында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарушы директоры Анна Лукина «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессияға қатысты. Ол өз сөзінде Холдингтің көлік және жанармай құю мен сервистік қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту, инвестиция тарту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі тәсілдерін таныстырды.

Холдинг ішкі және транзиттік тасымал көлемін ұлғайтуға қажетті инфрақұрылымды дамытуды қолдайды. Оның портфеліне 4 200 шақырымнан астам автомобиль жолын салу, реконструкциялау және қалпына келтіру, Ақтау, Астана және Алматы әуежайларын дамыту, сондай-ақ Ақтау теңіз портын кеңейту жобалары кіреді. Осы инвестициялардың экономикалық қайтарымын арттыратын келесі бағыт жүк көлігіне арналған жанармай құю станциялары мен сервистік қызмет көрсету желісін дамыту болуы мүмкін.

«Біздің міндетіміз негізгі көлік бағыттары бойында жанармай құю мен сервистік қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесін қалыптастыруға негізделеді. Мұндай тәсіл қолданыстағы жол және порт инфрақұрылымының экономикалық қайтарымын арттыруға, халықаралық тасымалдаушыларға қосымша қызметтер ұсынуға және транзиттен түсетін табыстың жаңа көздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Анна Лукина.

Перспективалы шешімдердің бірі ретінде сұйытылған және сығылған табиғи газ құю, электр көлігін қуаттау және жүк автомобильдеріне қызмет көрсету мүмкіндіктерін біріктіретін көпотынды хабтар құру ұсынылды. Алыс қашықтыққа халықаралық тасымал үшін сұйытылған табиғи газға (СТГ) ерекше назар аударылды. Мұндай нысандарды бағыттар бойында бірізді орналастыру тасымалдаушыларға қолжетімді жанармай құю бекеттерін ескере отырып, рейстерін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Анна Лукина құрылыс туралы шешімдер көлік компанияларының нақты қажеттіліктеріне сүйенуге тиіс екенін атап өтті. Станциялардың қуаты мен орналасатын жерін нақты жүк ағынын, газбен жүретін тартқыштар санын және болжамды отын тұтыну көлемін ескере отырып анықтау қажет. Құрылыс басталғанға дейін тасымалдаушылармен жасалған ұзақмерзімді шарттар инвестициялық тәуекелдерді төмендету құралдарының бірі бола алады.

«Алдымен төлем қабілеті бар сұраныс расталады, содан кейін инфрақұрылымның қажетті қуаты айқындалады. Тек осыдан соң құрылысты қаржыландыру туралы шешім қабылданады. Станциялардың қуатын, санын және жобаның өтелу мерзімін анықтауға дәл осы расталған сұраныс негіз болуы тиіс», – деп атап өтті ол.

Ұсынылған тәсіл Қазақстанның көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Қосымша сервистік қызметтерді дамыту отандық бизнестің логистика және көлікке қызмет көрсету салаларындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге, табиғи газға қосымша ішкі сұраныс қалыптастыруға және халықаралық транзиттен түсетін табысты ұлғайтуға мүмкіндік береді.



Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар