Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

29.09.2026

«Бәйтерек» холдингі германиялық серіктестермен жаңа өндірістер мен жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Кеңес ал!

29.09.2026

«Бәйтерек» холдингі германиялық серіктестермен жаңа өндірістер мен жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» холдингі германиялық серіктестермен жаңа өндірістер мен жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Берлинде германиялық компаниялардың өкілдерімен: AKA банкімен, HMS Bergbau шикізат компаниясымен және LANXESS химиялық концернімен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулерге Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов, Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Марат Елибаев және басқалар қатысты.

Талқылаулар барысында тараптар Қазақстанда өңдеу өндірістерін дамыту, шикізатты терең өңдеу және ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Рустам Карагойшин Холдингтің диалогқа ашық екенін және қолданыстағы қолдау құралдарын пайдалана отырып, бірлескен жобаларға жәрдемдесу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

«Германия бизнесімен жұмыста біз үшін Қазақстанда заманауи өндірістерді дамыту және шикізатты терең өңдеу басым бағыт болып қала береді. Біз Холдингтің қаржы құралдарын германиялық компаниялардың технологиялары мен құзыреттерімен ұштастырудан әлеует көріп отырмыз. Перспективалы жобалар жүйелі түрде пысықталған сайын оларға қатысу мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз», - деді ол.

Халықаралық минералдық ресурстар саудасы және жер қойнауын пайдалану саласына маманданған германиялық HMS Bergbau компаниясымен кездесу барысында тараптар Шығыс Қазақстан облысындағы литий кен орындарын игеру жөніндегі бастама туралы пікір алмасты. Қазақстанда шикізатты өңдеуді ұйымдастырудың ықтимал тәсілдері талқыланды. Холдинг жоба одан әрі пысықталған сайын және қолданыстағы талаптар мен рәсімдерді ескере отырып, оған әлеуетті қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін растады.

Химия саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары арнайы химиялық өнімдердің ірі германиялық өндірушісі LANXESS өкілдерімен талқыланды. Тараптар қазақстандық сары фосфорды жеткізу саласындағы ынтымақтастық әлеуетін, сондай-ақ елде химиялық өндірісті орналастыру мүмкіндіктерін қарастырды. Бастаманы дәйекті түрде дамыту барысында қолданылуы мүмкін технологиялық әріптестік пен қаржылық қолдау құралдары мәселелері қозғалды.

Германияның экспорттық және сауда қаржыландыру банкі AKA Ausfuhrkredit-Gesellschaft-пен кездесуде Холдингтің еншілес ұйымдарымен одан әрі өзара іс-қимыл бағыттары қаралды. Банк ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін, оның ішінде шетелдік банктермен бірлесіп синдикатталған кредиттеуге ықтимал қатысуға және қаржыландыру көлемін ұлғайтуды қарастыруға мүдделі екенін растады. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың жабдық сатып алуын қолдау және лизингті дамыту перспективалары талқыланды.

Германиялық серіктестермен өзара іс-қимыл өңдеу өндірістерін дамытуға, кәсіпорындарды жаңғыртуға және қазақстандық бизнестің ұзақ мерзімді капитал мен заманауи технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге жәрдемдесуге бағытталған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар