Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

04.10.2023

"Бәйтерек" холдингі жыл басынан бері өңдеуші өнеркәсіптің 30-дан астам жобасын қаржыландырды

12.05.2022

«Бәйтерек» холдингі германиялық бизнесмендерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

«Бәйтерек» холдингі германиялық бизнесмендерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Бүгін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Берлин Еуразиялық клубының «Жаңа Қазақстан – экономикалық тұрақты негізде трансформация процесін қалыптастыру» тақырыбына арналған 34-отырысына қатысты.

Өз сөзінде Нұрболат Айдапкелов германиялық бизнесмендерге «Бәйтерек» холдингі мен еншілес ұйымдардың бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді және тұрғын үй құрылысын қолдау бағытындағы қызметін таныстырды.

- «Бәйтерек» холдингі сегіз мемлекеттік даму институтын басқаратын Қазақстан Үкіметінің негізгі қаржы агенті болып табылады. «Бәйтерек» холдингінің 2021 жылдың соңында 3,4 миллиард еуро жеке капиталы және 19,4 миллиард еуроға тең активтері болды. Жаңа Қазақстанды құру шеңберіндегі Холдингтің негізгі міндеттерінің бірі – әртараптандырылған мықты ұлттық экономиканы құру, - дей келе, «Бәйтерек» холдингі басшысының орынбасары барлық бағыттардың әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқталды.

Нұрболат Айдапкелов Германия мен Қазақстанның іскерлік қоғамдастығы өкілдерін Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Холдингтің қаржы институттарының құралдарын пайдалануға шақырды.

Берлин Еуразиялық клубы – Қазақстан-Германия және Қазақстан-Еуропа қарым-қатынасына қатысты әлеуметтік-саяси және экономикалық мәселелерді талқылау үшін Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған диалог алаңы.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен іс-шараға Қазақстан мен Германия Үкіметінің жоғары лауазымды қызметкерлері, екі елдің сарапшылары мен бизнес өкілдері қатысты.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар