07.02.2025 17:14:00
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2023 жылғы 27 қарашада «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Француз даму агенттігінің (Agence Française de Développement, AFD) өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанда AFD қызметінің басталуы, оның ішінде өңірдің экологиялық және тұрақты дамуына ықпал ететін жеке жобаларды қаржыландыру мәселелері болды.
Ұйым Орталық Азияда 10 жылдан астам жұмыс істейді және тұрақты өсуді қолдауға бағытталған. Жақында Франция президентінің Қазақстанға сапары барысында AFD Ұлттық экономика министрлігімен елде AFD кеңсесін құру туралы келісімге қол қойды. Негізгі бағыттардың қатарына жаңартылатын энергия көздері, қала құрылысы, тиімді ауыл шаруашылығы және жасыл көлік кіреді.
«AFD инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеге ие және бізге әлеуетті серіктес және инвестор ретінде қызықты. Біз агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше мүдделіміз - бұл бағыт елдің экономикалық өсуі мен азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды», - деп атап өтті Нұрболат Айдапкелов.
Сондай-ақ, кездесуде өңдеу секторын дамыту мәселелері талқыланды. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева еліміздің экспорттық әлеуетін жақсарту және ішкі нарықты нығайту үшін заманауи өндірістік кешендерді құруға бағытталған іске асырылған және перспективалы жобалар туралы айтып берді.
Қазақстанда AFD экономиканы әртараптандыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін жақсартуға ықпал ететін болады.