Кеңес ал!

19.12.2025

«Бәйтерек» холдингі есептілік сапасы мен ESG-бастамалары үшін жоғары бағаланды

«Бәйтерек» холдингі есептілік сапасы мен ESG-бастамалары үшін жоғары бағаланды

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингі ашықтықтың жоғары деңгейі мен тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде іске асырғаны үшін, оның ішінде шетелдік марапаттарды қоса алғанда, бірқатар беделді наградаларға ие болды.

Холдингтің 2024 жылға арналған жылдық есебіне шетелдік RAEX рейтингтік агенттігінің бағалау қорытындысы бойынша ақпаратты ашудың ең жоғары сапасы үшін “5 жұлдыз” берілді. Осылайша, «Бәйтерек» холдингі Қазақстаннан алғаш болып Газпром, Роснефть, Росатом, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «ҚазМұнайГаз» сынды ірі компаниялармен қатар көшбасшылар қатарына енді. Бұл Холдинг есептілігінің ашықтық пен ақпаратты ашудың үздік халықаралық тәжірибелеріне толық сәйкес келетінін растайды.

Smart Plastic Zone экологиялық жобасы аясында «Бәйтерек» холдингі пластикті орнықты пайдалану тәжірибелерін енгізгені және экологиялық жауапкершілікті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның қаржы секторында Platinum — ең жоғары мәртебелі белгіге ие болған алғашқы ұйым атанды. Холдингтің еншілес ұйымдары Gold белгісін алды, бұл ESG-бастамаларды іске асырудағы біртұтас әрі жүйелі тәсілді айқындайды. Платина белгісінің берілуі «Бәйтерек» холдингінің экологиялық инновациялар саласындағы көшбасшылық мәртебесін нығайтып, орнықты дамуға ұмтылатын өзге ұйымдар үшін бағдар болып табылады.

Іске асырылып жатқан бастамалардың тиімділігін растайтын тағы бір маңызды жетістік — Холдингтің «Жасыл және салауатты офис – 2025» халықаралық акциясында бірден үш номинация бойынша жеңіске жетуі:

– «Қызметкерлерді экологиялық ынталандырудың үздік бағдарламасы»;

– «Қалдықтарды бөлек жинаудың ең үздік енгізілген жүйесі»;

– «Кеңседегі тамақтануды ұйымдастырудың үздік үлгісі».

Бұл жеңіс қоршаған ортаға қамқорлықты, операциялық тиімділікті және қызметкерлердің әл-ауқатына назар аударуды үйлестіретін заманауи, жауапты әрі жайлы кеңсе ортасын қалыптастыру бағытындағы жүйелі әрі дәйекті жұмыстың айқын дәлелі.

Ұлттық маңызы бар негізгі инвестициялық холдинг ретінде «Бәйтерек» алдағы уақытта да ESG-практикаларды жүйелі түрде дамытып, қоғам мүддесі үшін өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыруды жалғастырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар