Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

29.05.2026

«Бәйтерек» холдингі ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында қаржыландыру тетіктерін таныстырды

Кеңес ал!

29.05.2026

«Бәйтерек» холдингі ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында қаржыландыру тетіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында қаржыландыру тетіктерін таныстырды

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның (ЭКСЖ) жобалық кеңсесі Семей қаласында табиғи монополия субъектілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған воркшоп өткізді. Іс-шара барысында Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ ЭКСЖ ұлттық жобасының техникалық және қаржылық операторлары жобаны іске асыру тетіктері туралы баяндады. ЭКСЖ аясындағы қаржыландыру құралдары жөнінде «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарушы директоры Руслан Төлегенов сөз сөйледі. Сонымен қатар іс-шара барысында Абай облысында ұлттық жоба аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың жоспары таныстырылды.

Воркшоп аясында стратегиялық коммуникациялар бойынша сарапшылық сессия өтті. Сондай-ақ қатысушылар энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларын ауқымды жаңғырту бағдарламасын қаржыландыру мен іске асыру тетіктерін, тұрғын үй көмегін көрсету және халықты қолдау шараларын талқылады.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ ЭКСЖ ұлттық жобасының қаржылық операторы болып айқындалды. Жобаны іске асыруға қажетті инвестиция көлемі 13,6 трлн теңгеден асады, оның ішінде 3,6 трлн теңге Холдинг арқылы қаржыландырылады. Бүгінде жалпы сомасы 69,3 млрд теңгені құрайтын 20-дан астам жоба қаржыландырылды. Республика бойынша табиғи монополия субъектілерінен келіп түскен 1 948-ден астам өтінім қаралды. Біз ұсыныстарға ашықпыз және әріптестікке әрдайым дайынбыз», – деді Руслан Төлегенов.

Ашық пікірталас барысында спикерлер мен қатысушылар аяқталған жобалардың тәжірибесін, сондай-ақ әзірлену және іске асыру кезеңіндегі бастамаларды талқылады.

Алдағы жылдары Абай облысында ЭКСЖ аясында ондаған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың қатарында Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында кәріздік тазарту құрылыстарын салу, сондай-ақ жылу желілерін және жылумен, сумен, электр энергиясымен жабдықтау мен су бұру нысандарын реконструкциялау көзделген.

Атап айтқанда, жергілікті «Теплокоммунэнерго» МКК жылу желілері мен жылумен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға бағытталған 9 инвестициялық жобаны іске асыру үшін өтінім берген. Қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 27,9 млрд теңгені құрайды. Жобалар магистральдық жылу желілерін реконструкциялауды, қазандықтарды жаңғыртуды, сондай-ақ орталық жылу пункттері мен қосалқы инфрақұрылымды жаңартуды қамтиды.

Анықтама үшін:

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы 2029 жылға дейін іске асырылады. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендетуге және апаттылықты 20%-ға қысқартуға бағытталған. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және экологиялық жағдайды жақсарту көзделген.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар