Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

04.11.2026

«Бәйтерек» холдингі экономиканы қаржыландыру үшін банктермен ынтымақтастықты кеңейтуде

Кеңес ал!

04.11.2026

«Бәйтерек» холдингі экономиканы қаржыландыру үшін банктермен ынтымақтастықты кеңейтуде

«Бәйтерек» холдингі экономиканы қаржыландыру үшін банктермен ынтымақтастықты кеңейтуде

Астанада «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі жанындағы Қаржы секторы және сақтандыру жөніндегі салалық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға Холдинг атынан басқарушы директор Анна Лукина және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Фархат Сарсекеев қатысты.

Қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді банктік қаржыландырумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Коммерциялық банктердің қаражатын тартуға, инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруға және капиталдың әртүрлі көздерін ұштастыруға баса назар аударылды.

Анна Лукина синдикатталған кредиттеу мен қоса қаржыландыруды дамыту жөніндегі Холдингтің тәсілдерін таныстырды. Бұл тетіктер ірі жобаларды іске асыру кезінде бірнеше қаржы ұйымының ресурстарын біріктіруге және тәуекелдерді өзара бөлуге мүмкіндік береді. Осы жұмысты үйлестіру үшін Холдингтің бастамасымен Синдикатталған кредиттеу жөніндегі жобалық офис құрылды. Кейін мемлекеттік органдарды, даму институттарын және екінші деңгейдегі банктерді біріктіретін Басқарушы жобалық офис құрылып, оның рөлі күшейтілді.

«Бұл жұмыстың негізгі қағидаты мемлекеттік қаражат нарықтық қаржыландыруды алмастырмай, оны тартуға серпін беруге тиіс дегенге саяды. Синдикатталған кредиттеу, қоса қаржыландыру және екінші деңгейдегі банктермен әріптестік тетіктері арқылы «Бәйтерек» холдингі бюджетке түсетін жүктемені азайтып, мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыра отырып, экономиканың нақты секторына салынатын инвестициялар көлемін ұлғайтуда», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің еншілес ұйымдары екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, қолданыстағы қолдау құралдары арқылы 6 490 кәсіпкерлік субъектісін 3,5 трлн теңгеден астам сомаға қаржыландырды. Синдикатталған қаржыландыру және қоса қаржыландыру тетіктері арқылы қолдау көрсетілген жобалардың қатарында қуаты 1 ГВт жел электр станциясының, Көкшетау қаласындағы 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы, сондай-ақ «Бейнеу - Сексеуіл» және «Қызылорда - Сексеуіл» автомобиль жолдарын дамыту жобалары бар.

«Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сарсекеев кәсіпкерлерді ұзақ мерзімді қаржыландырумен қамтамасыз ету және отандық өндірісті қолдау ісіндегі «Өрлеу» бағдарламасының рөлі туралы баяндады.

««Өрлеу» бағдарламасы экономиканың басым бағыттарын қаржыландыру үшін банктердің ұзақ мерзімді нарықтық қаражатын тартуға мүмкіндік береді. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, туризм, ақпараттық технологиялар және креативті индустрия, көлік пен логистика салаларындағы инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталған. Бағдарламаның маңызды ерекшелігі «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар активтерді міндетті түрде сатып алу талабында. Бұл отандық өндірісті дамытуға, кәсіпорындардың өнімділігін арттыруға, импортты алмастыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді», - деп атап өтті ол.

Қаржыландыру құралдарын дамыту және қаржы институттарының бірлесіп қатысуы «Бәйтерек» холдингіне Қазақстанның отандық өндірісін, энергетикасын, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосымша ресурстар бағыттауға мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар