Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

25.09.2024 18:57:00

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммитіне қатысты

02.12.2021

«Бәйтерек» холдингі Dubai EXPO 2020 көрмесінде инвесторларға қолдау көрсету құралдарын таныстырды

«Бәйтерек» холдингі Dubai EXPO 2020 көрмесінде инвесторларға қолдау көрсету құралдарын таныстырды

«Бәйтерек» холдингінің басшылығы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация құрамында Дубайдағы EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесіне барды.

1 желтоқсанда сапар аясында Холдинг делегациясы көрмеде, қазақстандық сауда-инвестициялық форумда, сондай-ақ екіжақты іскерлік кездесулерде Қазақстанның Ұлттық күнінің рәсіміне қатысты.

Делегация құрамына Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басшылығы Гаухар Бөрібаева, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Айнұр Қуатова, «KazakhExport» ЭСК» АҚ Руслан Ысқақов, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев кірді.

Инвестициялық форумда сөз сөйлеген Әділ Мұхамеджанов Араб бизнесмендерін «Бәйтерек» холдингінің шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі қызметімен таныстырды.

- «Бәйтерек» холдингі шетелдік инвестицияларды тартумен белсенді айналысады және Қазақстан Үкіметінің негізгі қаржы операторы ретінде экономиканың басым секторлары мен елдің Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі бастамаларына қолдау көрсетеді. Соңғы жылдары біз халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында 3 миллиард АҚШ долларына шетелдік инвестициялар тарттық, - деп хабарлады төраға орынбасары.

Фото 2.jpeg

Әділ Мұхамеджанов «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының мүмкіндіктеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың әрқайсысының жетістіктерін атап өтіп, форум қатысушыларын жобаларды қолдаудың қаржылық шаралары туралы хабардар етті.

Холдингтің «еншілес ұйымының» бірі араб компанияларымен жұмыс істеуде үлкен тәжірибеге ие. Үлестік қаржыландыруды ұсынатын «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) БАӘ Mubadala Investment Company және Abu Dhabi Developmental Holding Company (ADQ) компанияларымен серіктестік қарым-қатынаста. ADQ-пен ынтымақтастық шеңберінде инновациялық компанияларға ерте кезеңдерде, сондай-ақ өсу әлеуеті жоғары және тұрақты бизнес-модельдері бар кәсіпорындарға инвестиция салуға ниетті бірлескен венчурлық қор құрылады.

- «Бәйтерек» холдингінің жалғыз акционер - Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілгенін және кредиттік рейтингтердің еліміздің егемен рейтингі деңгейінде екенін атап өткім келеді. Сондықтан біздің Холдинг жобаларды құрылымдау сатысынан бастап қаржыландыруға және экспорттық қолдау көрсетуге дейін қолдаудың түрлі нысандарын көрсете отырып, қазақстандық және араб бизнесінің бизнес-бастамаларының сенімді жолсерігі болуға дайын, - деп қорытындылады Әділ Мұхамеджанов.

БАӘ-ге сапар Араб серіктестерімен екіжақты кездесулермен аяқталды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар