Кеңес ал!

27.03.2026

«Бәйтерек» холдингі Digital Qazaqstan 2026 форумында цифрлық трансформация нәтижелерін ұсынды

«Бәйтерек» холдингі Digital Qazaqstan 2026 форумында цифрлық трансформация нәтижелерін ұсынды

27 наурызда Шымкентте ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Astana Hub Халықаралық инновациялық кластері ұйымдастырған Digital Qazaqstan 2026 Ұлттық технологиялық форумы өтті. Негізгі тақырып адам мен технология синергиясына арналған Industry 5.0 болды. Пленарлық отырысқа ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Александр Турчин, сондай-ақ Үкімет басшылары мен ЕАЭО елдерінің жоғары өкілдері қатысты.

«Бәйтерек» холдингі форумның іскерлік бағдарламасына белсенді қатысты. «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин ұлттық корпорациялардың қызметіне инновациялар мен жасанды интеллект енгізу мәселелеріне арналған «Корпорация 5.0» дөңгелек үстеліне қатысты. Талқылауға ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму Astana Hub Бас директоры Мағжан Мәдиев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы қызметіне Қанат Бисимбаев, Freedom Holding Corp CEO Тимур Тұрлов, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин және басқалар қатысты. Талқылау барысында корпорацияларды цифрлық трансформациялау процесінде венчурлік инвестициялардың рөлі және стартаптармен ынтымақтастық, сондай-ақ мемлекет пен экожүйе тарапынан қажетті қолдау мәселелері қаралды.

«Бүгінде ұлттық корпорациялар үшін жеке цифрлық шешімдерді енгізу ғана емес, технологиялар мен деректермен жұмыс істеудің тұтас жүйесін құру маңызды. Жасанды интеллект тиімділікті арттыруға, процестерді жылдамдатуға және бизнес кедергілерін азайтуға көмектесетін практикалық құралға айналады. Бұл ретте жаңа тәсілдер мен икемділік әкелетін технологиялық компаниялармен және стартаптармен өзара іс-қимыл шешуші рөл атқарады», - деп атап өтті Рустам Қарагойшин.

Форумның маңызды оқиғасы «Бәйтерек» холдингі мен Astana Hub арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Құжатқа Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин мен Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев қол қойды. Меморандум іске қосудан бастап халықаралық нарықтарға шығуға дейінгі барлық кезеңдерде стартаптарды қолдау үшін Холдинг компаниялары тобының және Astana Hub инновациялық экожүйесінің қаржы құралдарын біріктіруді көздейді. Келісім шеңберінде Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арқылы экспортты қолдау құралдары, «Даму» Қоры арқылы кепілдікті қолдау және Qazaqstan Investment Corporation арқылы венчурлік және үлестік қаржыландыру тетіктері іске қосылатын болады.

Цифрлық трансформация мәселелерін талқылау «Қаржы секторындағы цифрландыру» панельдік сессиясы шеңберінде жалғасын тапты. «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым холдингтің экожүйесіне жасанды интеллект енгізудің практикалық нәтижелерін ұсынды.

«Бәйтерек» холдингінің цифрлық инфрақұрылымының негізі бизнесті қолдаудың Bgov.kz бірыңғай порталы болып табылады, онда мемлекеттік қолдаудың алты бағыты бойынша 70-тен астам қызмет көрсетілген. 2025 жылы портал электрондық үкіметтің инфрақұрылымымен интеграцияланды және Холдинг қызметтері eGov Вusiness мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді болды. Порталда ЖИ-чат-бот жұмыс істейді, ал ақылды ассистенттің арқасында холдинг кәсіпкерлерге шамамен 30-40 мың сағат уақытты үнемдеуге көмектесті.

Үсен Ғалым еншілес ұйымдарда ЖИ енгізу нәтижелері туралы да айтты. «Отбасы банк» АҚ-да Quanysh-AI чат-боты 3,5 млн-нан астам өтінішті өңдеп, клиенттік сұраныстардың 98%-на дейін автоматтандырды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да ЖИ-ауыл шаруашылығы техникасын жіктеу жүйесі жыл сайын бұрынғы 3 мың техниканың орнына 27 мың техниканы түгендеуге мүмкіндік берді, ал скорингтік модель 15 минут ішінде қаржыландыру бойынша алдын ала шешімді қамтамасыз етеді.

«Холдингтің экожүйесінде жасанды интеллект эксперимент ретінде емес, жұмыс құралы ретінде қолданылады. Бұл клиенттерге кеңес беруге, құжаттарды автоматты түрде өңдеуге, скорингті жылдамдатуға және шешім қабылдау уақытын қысқартуға көмектеседі. Басты нәтиже: кәсіпкердің мемлекеттік қолдау шараларына апаратын жолы түсінікті, тезірек әрі қолжетімді бола түсуде», - деп атап өтті Үсен ғалым.

«Бәйтерек» холдингінің Digital Qazaqstan 2026 форумына қатысуы бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған даму институттарының қызметіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу жөніндегі Холдингтің дәйекті жұмысын көрсетеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар