Кеңес ал!

29.04.2026

«Бәйтерек» холдингі Даниямен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

«Бәйтерек» холдингі Даниямен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

27 сәуірде Копенгаген қаласында (Дания) екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары мен бизнес өкілдері қатысқан Қазақстан-Дания іскерлік дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров бастаған қазақстандық делегация құрамында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов қатысты.

Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, сондай-ақ Көлік министрлігінің, «Samruk Kazyna Invest» АҚ, «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd және басқа да ұйымдардың өкілдері болды.

Дания тарапынан Дания өнеркәсібі конфедерациясының, Данияның экспорттық-инвестициялық қорының (EIFO), салалық бірлестіктер мен бизнес өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың практикалық мәселелері, нақты айтқанда қаржы тарту тетіктері, ортақ жобаларды іске асыру және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту талқыланды.

Экспорттық-кредиттік агенттік пен даму банкінің функциялары біріктірілген EIFO құралдарына, оның ішінде экспорттық операцияларды сақтандыруға, борыштық және үлестік қаржыландыруға, сондай-ақ шетелдік серіктестердің қатысуымен жобаларды қолдауға ерекше назар аударылды.

«Жасыл» күн тәртібіне баса мән берілді. Қатысушылар Данияның State of Green платформасының тәжірибесін ескере отырып, жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі, су ресурстарын басқару және төмен көміртекті технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Дөңгелек үстел аясында «Бәйтерек» холдингі экономиканың басым секторларындағы жобаларды құрылымдап, қаржыландыратын жүйелі инвестициялық институт ретінде өз мүмкіндіктерін ұсынды.

«Біз даниялық институттар мен компаниялардың тұрақты даму және технологиялық шешімдер саласындағы тәжірибесін ескере отырып, олармен әріптестікті дамыту үшін мүмкіндіктер жоғары екенін көріп отырмыз. «Бәйтерек» холдингі экономиканы жаңғыртуға және басым салаларды дамытуға бағытталған ортақ жобаларды құрылымдау және қаржыландыру үшін платформа болуға дайын», - деп атап өтті Тимур Онжанов.

Қазақстандық делегация дөңгелек үстелге қатысып қана қоймай, Danbred (мал шаруашылығындағы генетика және селекция), FOSS (агросектор мен тамақ өнеркәсібіне арналған аналитикалық жабдықтар мен шешімдер), Kongskilde Industries (ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуге арналған жабдықтар), Vilomix (жем-шөп шешімдері мен премикстер), Viking Genetics (асыл тұқымды генетика), Kurt Nisgaard ApS (агробизнестегі консалтинг) сияқты АӨК саласындағы даниялық жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесті. 

Келіссөздер барысында заманауи агротехнологияларды енгізу, тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды. Данияның селекция және генетика, жем-шөп дайындау, агробизнесті цифрландыру саласындағы тәжірибесімен алмасуға, сондай-ақ мал шаруашылығы мен агроөңдеу тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Сапар аясында Холдинг өкілдері Данияның экспорттық-инвестициялық қорымен, State of Green платформасымен және бейіндік ұйымдармен жеке жұмыс кездесулерін өткізді. Қорытындысы бойынша Қазақстан мен Данияның даму және бизнес институттарының қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды практикалық тұрғыда пысықтауға екі тарап та мүдделі екенін білдірді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар