09.09.2024 17:31:00
- Холдинг туралы
Дүниежүзілік үй жануарлары күніне орай «Бәйтерек» холдингі өзі жүзеге асыратын ESG (Environmental, Social, and Governance) саясаты шеңберінде панасыз қалған үй жануарларына жауапкершілікпен қарау тақырыбында қызметкерлермен кездесу өткізді.
«Үй жануарларын отбасымызға алу арқылы біз үлкен жауапкершілікті мойнымызға аламыз. Бұл қуаныш сыйлау ғана емес, оның денсаулығы мен амандығы үшін жауапты болу міндеті. Әрқайсымыз жануарларға қамқорлық танытып, барынша жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға өз үлесімізді қоса аламыз», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аппаратының басшысы Дина Акрачкова.
Кездесуге зооқорғаушылар Лилия Сәрсенова, Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығының басшысы, сондай-ақ «Астана жүрегі» қозғалысының белсенді мүшелері Инна Клокен-Гаммер, Марал Бюрекбаева және Ольга Бондаренко қатысты. Олар үй жануарларын қорғау бойынша өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісіп, олардың өмір сүру жағдайын жақсартатын практикалық шешімдер ұсынды.
«Бәйтерек» холдингі іс-шара шеңберінде ұсынылған талқылаулар мен бастамалар барлық қатысушыларды алдағы уақытта жануарлар мен қоғам мүддесі үшін әрекет етуге бастайды деп үміттенеді.