19.06.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2025 жылғы 17 маусымда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов «Мақсат қою: Мемлекеттік кәсіпорындар үшін негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) әзірлеу – халықаралық тәжірибе және Еуропа мен Орталық Азия (ЕОА) елдері үшін сабақтар» тақырыбында өткен Дүниежүзілік банктің виртуалды сессиясында сөз сөйледі.
Іс-шараны Дүниежүзілік банктің Қаржылық есептілік реформалары орталығы (CFRR) Венадағы Даму жөніндегі білім орталығы және Мемлекеттік кәсіпорындар жөніндегі тәжірибе қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Сессияға Австрия, Хорватия, Оңтүстік Корея, Молдова және Черногория елдерінің мемлекеттік органдары мен мемлекеттік кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қатысты.
Өз баяндамасында Тимур Онжанов «Бәйтерек» холдингі тарапынан KPI жүйесін енгізу және корпоративтік басқарудың тиімді моделін қалыптастыру бойынша жинақталған тәжірибемен бөлісті. Қазақстанның бұл бағыттағы тәсілі мен тәжірибесі сессияға қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.
Сессия барысында мемлекеттік кәсіпорындар үшін KPI әзірлеу бойынша үздік тәжірибелерді зерделеуге, деректердің сенімділігіне қатысты мәселелерге және ЕОА елдерінде тиімділік көрсеткіштері жүйесін енді ғана енгізіп жатқан жағдайда қолдануға болатын икемді тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.