Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

22.10.2026

«Бәйтерек» холдингі бизнестің қолдау шараларына қол жеткізуін жеңілдету үшін жасанды интеллектіні енгізуде

Кеңес ал!

22.10.2026

«Бәйтерек» холдингі бизнестің қолдау шараларына қол жеткізуін жеңілдету үшін жасанды интеллектіні енгізуде

«Бәйтерек» холдингі бизнестің қолдау шараларына қол жеткізуін жеңілдету үшін жасанды интеллектіні енгізуде

«Бәйтерек» холдингі Астанада өткен AWS Innovation Day 2026 іс-шарасында кәсіпкерлерді қолдауға, ауыл шаруашылығы техникасының жай-күйін бақылауға және қызметкерлердің жұмысына арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді таныстырды. Іс-шараға Холдингтің цифрландыру жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Усен Галым қатысып, пилоттық жобалардан технологияларды іс жүзінде қолдануға көшу тәжірибесімен бөлісті.

Осындай шешімдердің бірі бизнесті қолдаудың бірыңғай bgov.kz порталында және еншілес ұйымдардың сайттарында қолжетімді chat.bgov.kz жасанды интеллект көмекшісі болды. Ол Холдингтің ресми білім базасына сүйене отырып, кәсіпкерлерге қолдау шараларын түсінуге және бизнес-жоспар әзірлеуге көмектеседі. 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында кәсіпкерлер ЖИ көмекшісінің көмегімен 900-ге жуық бизнес-жоспар дайындады.

«Компаниялар тобында тоғыз ұйым, ондаған бағдарлама және мыңдаған клиент болған кезде автоматтандыру қажеттілікке айналады. Біз үшін жасанды интеллект процестерді жеделдетіп, адамға түсінікті етуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерге ондаған сайттан ақпарат іздеудің қажеті жоқ. Сұрақ қойып, қолжетімді қолдау шаралары туралы түсінікті жауап алса жеткілікті», - деді Усен Галым.

Тағы бір жоба «ҚазАгроҚаржы» еншілес ұйымында іске асырылды. Лизинг алушы фермерлер мобильді қосымша арқылы ауыл шаруашылығы техникасының фотосуреттері мен бейнежазбаларын өздері жібереді. Жасанды интеллект осы материалдар негізінде көзге көрінетін ақауларды анықтап, қорытынды жасайды. ЖИ негізіндегі мониторингтің арқасында қамтылған техника саны 3 мыңнан 24 мыңға дейін өсіп, портфельдегі техниканы түгендеу мерзімі үш айдан екі аптаға дейін қысқарды.

«Жасанды интеллектінің нәтижесі нақты көрсеткіштермен өлшенуге тиіс, ал деректерді пайдалану бақылауда болуы қажет. Сондықтан клиенттерге арналған сервистермен қатар қызметкерлердің жасанды интеллектімен жұмыс істеуіне арналған қауіпсіз шлюз енгізіп жатырмыз. Ол қолжетімділікті орталықтан басқарып, сұрауларды бақылауға және жаңа бөлімшелерді кезең-кезеңімен қосуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары.

Алдағы уақытта бұл шешімдерді дамыту аясында бизнес-жоспарларды тексеруге, маркетингтік талдау жүргізуге және қаржылық модельдер құруға арналған ЖИ агенттерін әзірлеу көзделген. Бұл құралдар кәсіпкерлердің қаржыландыру алуға дайындалуын жеңілдетіп, бизнесті қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар