Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

10.09.2026

«Бәйтерек» холдингі «Бір белдеу, бір жол» саммитінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Кеңес ал!

10.09.2026

«Бәйтерек» холдингі «Бір белдеу, бір жол» саммитінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

9-10 қыркүйекте Гонконгта арнайы әкімшілік ауданының Үкіметі мен Гонконг сауданы дамыту кеңесі бірлесіп ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» XI саммиті өтті. Саммитке «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ атынан Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов қатысты. Саммит алаңында «Бәйтерек» холдингінің стенді де жұмыс істеді.

Холдингтің іскерлік бағдарламасының негізгі іс-шараларының бірі «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдердің егемендік қорлары мен Гонконг қаржы секторы өкілдерінің жабық дөңгелек үстелі болды. Өз сөзінде Тимур Онжанов Қазақстандағы жобаларды іске асыру кезінде зәкірлік инвестор әрі стратегиялық әріптес ретінде әрекет ететін «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды. Қатысушылар бірлескен инвестицияларды, портфельдік компаниялардың жаңа нарықтарға шығуын және Гонконгтың қаржы инфрақұрылымы арқылы капитал тартуды талқылады.

Қаржылық ынтымақтастықты кеңейту тақырыбы Standard Chartered Bank ұйымдастырған, юаньның интернационалдануына және Орталық Азия үшін жаңа мүмкіндіктерге арналған іскерлік пікірталаста жалғасын тапты. Холдинг өкілдері «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы Шанхай мен Гонконг ынтымақтастығына арналған тақырыптық сессияға да қатысты.

«Юаньмен тікелей есеп айырысу компанияларға валютаны айырбастау шығындарын азайтуға және шығыстар, кірістер мен қаржыландыру валюталарын өзара сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Келесі қадам ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға арналған толыққанды қаржы инфрақұрылымын қалыптастыру болуы тиіс», - деп атап өтті Тимур Онжанов.

Саммит аясында Тимур Онжанов Siguler Guff, Primavera Capital Group, Full Vision Capital, Sunwah Group, Sino Group және Templewater жетекші халықаралық инвестициялық компаниялары мен бизнес-топтарының өкілдерімен келіссөздер өткізді. Тараптар инфрақұрылымға, логистикаға, индустриялық жылжымайтын мүлікке, деректерді өңдеу орталықтарына және жасыл энергетикаға бірлесіп инвестиция салу перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік және қалалық жобаларды іске асыру мәселелерін қарады.

Сапар аясында Oman Investment Authority, China International Capital Corporation, Hang Seng Indexes Company Limited және Hong Kong Asset Management Association ұйымдарының, сондай-ақ Invest Hong Kong мемлекеттік агенттігінің өкілдерімен кездесулер өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен жобаларды одан әрі пысықтау және Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді капитал тарту бағыттары айқындалды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар