19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өз процестерін цифрландыруды және бюрократиядан арылтуды көздейтін іс-шараларды белсенді жүргізуде. Бұл іс-шаралар Холдингтің бекітілген Жол картасы шеңберінде іске асырылады және Холдингті де, оның еншілес ұйымдарын да қамтиды.
Холдингтің Жол картасында екі жыл ішінде мынадай нәтижелерге қол жеткізу алға қойылған:
«2024 жылы Bgov бизнесті қолдаудың бірыңғай порталына Холдингтің еншілес ұйымдары «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның барлық қызметтері және «ҚЖК» АҚ-ның бір қызметі қосылды. Бүгінгі таңда, Порталда Холдингтің барлық еншілес ұйымдары бойынша 44 қызмет ұсынылған, оларға әлеуетті клиент өтінім бере алады. Оның ішінде 27 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша әлеуетті клиенттер электрондық нысанды толтырып, қажетті құжаттармен бірге өтінім бере алады», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым.
Бүгінде Холдинг компаниялар тобы ұсынатын барлық мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін жасады. Онда 70-ке жуық құралдары қамтылған және олардың әрқайсысы бойынша кәсіпкерлердің өтінімдерін қарастыру мерзімдерін қысқартудың нақты жоспары белгіленген және оңтайландыруды аяқтайтын нақты күндер анықталған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Холдинг өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін процестерді одан әрі жеңілдетіп, жеделдетуге ұмтылады.