Кеңес ал!

09.06.2025

«Бәйтерек» холдингі Бенилюкс елдерінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі Бенилюкс елдерінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

2025 жылғы 3–6 маусым аралығында Қазақстанның Бельгия мен Люксембургке ұйымдастырған көпсалалы іскерлік миссиясы аясында Бельгия–Қазақстан Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы өтіп, Бенилюкс елдерінің іскерлік қауымдастығының өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

4 маусымда Брюссель қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов инвестиция, сауда және экспорттық әлеует мәселелеріне арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының шикізаттық емес экспортты, шағын және орта бизнесті, инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды қолдау бойынша іске асырып жатқан мемлекеттік тетіктері туралы баяндады.

«Бельгия — Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция салатын елдердің бірі. Біз екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз және бельгиялық бизнес өкілдерімен әріптестікке ашықпыз. «Бәйтерек» холдингі экспорттық сақтандыру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және технологиялар трансферін ілгерілету сияқты қолдаудың кең ауқымды құралдарын ұсынады», — деді Тимур Онжанов.

Сапар аясында Тимур Онжанов Бельгияның экспорттық-кредиттік агенттігі Credendo өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында экспорттық операцияларды сақтандыру және қазақстандық компанияларды қолдау мақсатындағы бірлескен қаржылық шешімдерге қатысты ықтимал ынтымақтастық жолдары талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан мен Бельгияның 50-ден астам компаниясы, сауда-өнеркәсіп палаталары мен инвестициялық агенттіктерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында логистика, жасыл энергетика, агроөнеркәсіп және цифрлық экономика салаларындағы ықпалдастықтың келешегі қарастырылып, қазақстандық компаниялардың таныстырылымдары мен екіжақты келіссөздер өтті.

6 маусымда іскерлік бағдарлама Люксембургте жалғасты. «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Люксембург Сауда палатасы (LuxCham) ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысына қатысты. Кездесу барысында ол Холдингтің экспортқа бағытталған және инвестициялық жобаларды қолдау бойынша тәсілдерін таныстырып, люксембургтік бизнес өкілдерімен іскерлік әріптестікті кеңейтуге мүдделілік білдірді. Бағдарламаға қазақстандық компаниялардың таныстырылымдары, салалық шолулар және В2В-кездесулер енді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар