Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

16.07.2021

«Бәйтерек» холдингі банктерге экономиканы несиелендіруді ынталандыру шараларымен таныстырды

«Бәйтерек» холдингі банктерге экономиканы несиелендіруді ынталандыру шараларымен таныстырды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі экономиканы кредиттеуді ынталандыру бойынша шараларды онлайн-талқылауды өткізді. Кездесуге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.

«Бәйтерек» холдингі »АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов банктік несиелеу нарығындағы қазіргі жағдай туралы айтып, Холдинг тобының экономикаға несие беруді ынталандыру бойынша ұсынылған шараларымен таныстырды.

- Несиелендірудің баламалы түрлерін дамыту шеңберінде синдикатталған несиелендіру және бірлесіп қаржыландыру сияқты қаржыландыру нысандарының әлеуетін пайдалануды ұсынамыз. Мұндай мәмілелерді іске асырудың құқықтық негізі қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқанын еске саламын, - деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов.

Өз кезегінде, Қазақстанның Даму Банкінің Басқарушы директоры Дастан Ахметов кездесуге қатысушыларға кепілдіктерді кеңейту және секьюритилендіруді дамыту механизмдері туралы толығырақ ақпарат берді.

Холдингтің еншілес компаниясы – Қазақстанның Даму Банкінің қоржыны - орнықты өсу сипатына ие екенін атап өткен жөн. Экономиканың шикізаттық емес секторларына ұзақ мерзімді кредит беруге бағытталған әрбір екінші теңгені ҚДБ қаржыландырды. Ағымдағы жылдың басындағы деректер бойынша ҚДБ қоржынының көлемі шамамен 1,9 трлн теңгені құрады, бұл ЕДБ-нің шикізаттық емес секторларға ұзақ мерзімді кредиттерінің жалпы қоржынының 51% - ына сәйкес келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша банк қоғамдастығының өкілдері «Бәйтерек» холдингі ұсынған шараларды толығырақ талқылауға қызығушылық танытты.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар