Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

08.07.2026

«Бәйтерек» холдингі мен SuperX AI Technology Қазақстанда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту перспективаларын талқылады

Кеңес ал!

03.07.2026

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін қалай дамытып жатыр

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін қалай дамытып жатыр

Отандық минералды тыңайтқыштар өндірісін дамыту – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, импортқа тәуелділікті төмендетудің және Қазақстанның химия өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін нығайтудың негізгі бағыттарының бірі. Бүгінде елімізде заманауи өндірістерді іске қосуға, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

«Бәйтерек» холдингінің даму институттары экономика үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды қайтарымдылық, ақылылық және мерзімділік қағидаттары негізінде қаржыландырады. Әрбір бастама қаралған кезде кешенді қаржылық, құқықтық және техникалық сараптама жүргізіліп, жобаның экономикалық тиімділігі, жеткілікті қамтамасыз ету деңгейі, іске асыру перспективалары және экономиканың басым салаларын дамытуға қосатын үлесі бағаланады. Қаржыландыру қолданыстағы ішкі рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады және өтеусіз мемлекеттік қолдау болып табылмайды.

Минералды тыңайтқыштар үш негізгі топқа бөлінеді: азотты, фосфорлы және калийлі. Қазақстанда тарихи тұрғыдан фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі жақсы дамыған. Ал азотты және калийлі тыңайтқыштар өндірісін дамыту елді одан әрі индустрияландырудың басым бағыттарының бірі саналады.

Осы бағыттағы ең ірі жобалардың бірі – жылына 660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасын өндіруге арналған «KazAzot Prime» ЖШС-нің заманауи интеграцияланған химия кешенінің құрылысы. Кешен іске қосылғаннан кейін Қазақстандағы аммиак өндіру қуаты үш еседен астам ұлғайып, елде алғаш рет карбамидтің өнеркәсіптік өндірісі жолға қойылады. Сонымен қатар азотты тыңайтқыштар импортына тәуелділік едәуір төмендейді.

Өндірілетін өнімнің бір бөлігі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа жеткізілсе, карбамид пен аммиак селитрасының артық көлемі экспортқа бағытталады. Жоба құрылыс кезеңінде 1 500 жұмыс орнын, ал кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 700 тұрақты жұмыс орнын құруды көздейді. 2036 жылдан бастап бюджетке түсетін жыл сайынғы салық түсімдерінің көлемі шамамен 55 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.

Тағы бір стратегиялық маңызы бар жоба – «Qazaq Kalium LTD» ЖШС жүзеге асырып жатқан «Сәтімола» кен орны базасында Қазақстандағы алғашқы калийлі тыңайтқыштар өндірісін құру. Жоба жылына 1,5 млн тонна дайын өнім шығаруды көздейді және отандық химия өнеркәсібінің жаңа бағытын қалыптастыруға негіз болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда калийлі тыңайтқыштар өндірісі жоқ, ал ішкі нарықтың қажеттілігі импорт есебінен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін отандық өнім өндірісі жолға қойылып, 1 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады, елдің экспорттық әлеуеті артып, Қазақстанның минералды тыңайтқыштардың әлемдік нарығындағы позициясы нығаяды.

Отандық минералды тыңайтқыштар өндірісін дамыту «Кең Дала 2» көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасын іске асырумен тығыз байланысты. Қолжетімді қаржыландырудың арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер минералды тыңайтқыштарды қоса алғанда, қажетті материалдық-техникалық ресурстарды уақытылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Тек 2025 жылдың өзінде іске асырылған шаралардың нәтижесінде 1,5 мың жаңа жұмыс орны құрылып, ауылдық жерлерде 39,3 мың адамның жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2023 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 679 мың тонна тыңайтқыш енгізсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1,3 млн тоннаға, 2025 жылы 1,8 млн тоннаға жетті. Ал 2026 жылы оны 2,3 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 73%-ын құрайды. Тыңайтқыштарды қолдану көлемінің артуы топырақ құнарлылығын жақсартуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және аграрлық өндірістің тиімділігін көтеруге ықпал етеді.

Агроөнеркәсіптік кешенді кешенді қолдау ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуды және отандық ауыл шаруашылығы машина жасауды дамытуды да қамтиды. 2025 жылы Холдингтің қолдауымен жалпы сомасы 267 млрд теңгеге 10,4 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жөнінде шарттар жасалды. Биылғы жылдың 3 маусымындағы жағдай бойынша жылдық қаржыландыру жоспары 310 млрд теңге болған кезде жалпы сомасы 253,3 млрд теңгеге 7,9 мың бірлік техниканы жеткізуге шарттар жасалды.

Осылайша, «Бәйтерек» холдингі фермерлерді қаржыландыруды, минералды тыңайтқыштардың отандық өндірісін дамытуды, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғыртуды және отандық машина жасауды қолдауды біріктіре отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға кешенді тәсілді жүзеге асыруда.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар