Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

15.09.2026

$2,45 млрд сомасындағы келісімдер: «Бәйтерек» холдингі Кореямен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Кеңес ал!

15.09.2026

$2,45 млрд сомасындағы келісімдер: «Бәйтерек» холдингі Кореямен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

$2,45 млрд сомасындағы келісімдер: «Бәйтерек» холдингі Кореямен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Сеулде өткен Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің XIV отырысына қатысты. Холдинг делегациясын Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин басқарды. Негізгі назар кореялық инвестицияларды тартуға, қаржыландыру құралдарын кеңейтуге және Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға аударылды.

Іс-шара алаңында Alatau Smart City мастер-жоспарын әзірлеу тәсілдері, сондай-ақ K-Park этномәдени кешенін құру, Кореяның озық технологиялар институты KAIST филиалын ашу және ұшқыш басқарылатын әрі ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесін енгізу жобалары таныстырылды. Alatau City-ді дамытуға кореялық тараптың қатысу мүмкіндіктері Рустам Карагойшин қатысқан KIND мемлекеттік корпорациясының басшылығымен өткен жеке кездесуде де қаралды.

Іс-шараларда Холдингтің компаниялар тобы атынан Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Марат Елібаев, Qazaqstan Investment Corporation Басқармасының төрағасы Дидар Кәрімсақов және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Басқармасының төрағасы Фархат Сәрсекеев өкілдік етті.

Форум барысында Холдинг желісі бойынша үш негізгі құжатқа қол қойылды.

Бірінші құжат - Qazaqstan Investment Corporation мен KIND арасындағы Қазақстан-Корея бірлескен инвестициялық қорын құру туралы стратегиялық келісім. Құжатқа Қазақстан тарапынан Рустам Карагойшин, Корея тарапынан KIND президенті және бас директоры Ким Бок Хван қол қойды. Қордың көлемі бірінші кезеңде тараптардың тең қатысуымен 200 млн АҚШ долларын құрауы, ал кейінгі кезеңде 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаюы мүмкін. Қаражат инфрақұрылым, логистика, энергетика және қалалық даму салаларындағы жобаларға, соның ішінде Alatau City-ді дамытуға бағытталады.

Қазақстанның Даму Банкі мен K-SURE мемлекеттік экспорттық-кредиттік агенттігі 200 млн еуроға дейінгі сақтандыру өтемін бекітетін бірлескен декларациямен алмасты. Осы тетік аясындағы алғашқы жоба Екібастұз қаласында «Mineral Product International» ЖШС-нің ферросилиций өндіретін зауыты болмақ. Оны іске асыру үшін 48 млн еуро тарту пысықталуда. Жоба жылына 160 мың тоннаға дейін өнім шығаратын жаңа экспортқа бағдарланған өндіріс құруға мүмкіндік береді.

Тағы бір құжат Қазақстанның Даму Банкінің «ПГУ Туркестан» ЖШС үшін кредиттік желі ашуын көздейді. Шамамен 631 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржыландыру Түркістан облысында қуаты 1 000 МВт бу-газ электр станциясын салуға бағытталмақ. Жоба Doosan Enerbility және Integra Construction KZ консорциумының қатысуымен іске асырылады.

«Қол қойылған құжаттар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар мен кореялық әріптестермен жүргізіп келе жатқан жүйелі жұмысымыздың нақты жалғасы болды. Олар Қазақстандағы ірі жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді капиталға, сақтандыру құралдары мен озық технологияларға жол ашады. Ендігі ортақ міндетіміз - қаржыландыруды жедел құрылымдап, әрбір бастаманы нақты нәтижеге жеткізу», - деп атап өтті Рустам Карагойшин.

Негізгі келісімдерден бөлек, Холдингтің компаниялар тобы желісі бойынша венчурлік қаржыландыруды дамытуға, автокомпоненттер өндірісін жергіліктендіруге және шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты құжаттар пысықталды. Олар QIC-тің халықаралық венчурлік қорға қатысуын, Қостанайдағы Seoyon E-Hwa жаңа өндірісін қаржыландыруды, сондай-ақ «Даму» қорының кореялық банктермен және даму институттарымен ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді.

Іскерлік кеңестің отырысынан кейін Рустам Карагойшин кореялық қорды басқаратын мемлекеттік инвестициялық ұйым - Korea Venture Investment Corporation (KVIC) басшылығымен кездесті. Тараптар Global Fund халықаралық бағдарламасын Қазақстан мен Орталық Азияға кеңейту мүмкіндігін, сондай-ақ KVIC-тің өңірге бағытталған венчурлік қорларға қатысуын талқылады. Qazaqstan Investment Corporation жергілікті серіктес ретінде әрекет етуге және кореялық инвесторларға Қазақстанның венчурлік экожүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік беруге дайын.

Мемлекеттік сапар аясында «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы желісі бойынша барлығы тоғыз коммерциялық құжат пысықталды. Оның алтауы нақты қаржылық көлемді көздейді. Қаржыландыру мен инвестициялық міндеттемелердің жиынтық көлемі шамамен 2,45 млрд АҚШ долларын құрайды. Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға, технологиялар тартуға және жұмыс орындарын ашуға негіз қалыптастырады.

«Бәйтерек» холдингі делегациясының Сеулдегі іскерлік бағдарламасы ертең де жалғасады. C5+Корея бизнес-форумына қатысу, сондай-ақ Кореяның мемлекеттік Экспорт-импорт банкі KEXIM және Кореяның шағын және орта бизнес пен стартаптар институты KOSI басшылығымен келіссөздер өткізу жоспарланған. Негізгі назар инвестициялық жобаларды қаржыландырудың жаңа тетіктеріне және кәсіпкерлікті қолдауды кеңейтуге аударылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар