Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

22.07.2026

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан-Қытай форумында еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Кеңес ал!

22.07.2026

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан-Қытай форумында еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан-Қытай форумында еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

22 шілдеде Астанада Қазақстан-Қытай түсті металлургия саласының тұрақты дамуына арналған форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, даму институттарының, салалық қауымдастықтарының және жетекші компанияларының өкілдері қатысты. Форумды Қытайдың Түсті металлургия өнеркәсібі қауымдастығы екі елдің ірі салалық компанияларының қолдауымен ұйымдастырды.

Форумда «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің атынан Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан заманауи өндірістерді құруға, технологияларды жергілікті деңгейде игеруге және қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған жаңа буын инвестицияларын тартуға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, «Бәйтерек» холдингі осындай жобаларды инвестициялық идеядан бастап өндірісті іске қосуға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдеуге дайын сенімді қаржылық серіктес бола алады.

Тақырыптық сессия барысында Жандос Шайхы Қазақстанның инвестициялық ахуалы және «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің түсті металлургия саласындағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.

Ол өз сөзінде биылғы жылдың басынан бастап Холдингтің Ұлттық инвестициялық холдинг ретінде қайта құрылып, инвестицияларды белсенді тартуға бағытталған жаңа жұмыс моделіне көшкенін айтты. Бұл модель екі негізгі тетікке негізделген. Біріншісі – мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлесіп жобаларды жан-жақты пысықтауды көздейтін «инвестицияларға тапсырыс» тетігі. Екіншісі – бейінді мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен бірлесіп әлеуетті инвесторларды айқындап, оларға нақты инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді қарастыратын «инвесторларға тапсырыс» тетігі.

«Бүгінде "Бәйтерек" холдингі инвестицияларды белсенді тартуға бағытталған жаңа модель бойынша жұмыс істейді. Біз инвесторларға жобаны құрылымдаудан және оңтайлы қаржыландыру моделін қалыптастырудан бастап қаржы тарту мен оны іске асыруды сүйемелдеуге дейінгі кешенді шешімдерді ұсынуға дайынбыз. Мұндай тәсіл тау-кен металлургиясы саласындағы ірі жобаларды тиімді жүзеге асыруға және ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүмкіндік береді», – деді Жандос Шайхы.

Баяндама барысында Қазақстанның инвестициялық экожүйесі, Холдингтің қаржылық құралдары және тау-кен металлургиясы кешеніндегі ірі жобаларды қаржыландыру тәжірибесі таныстырылды. Сондай-ақ инвесторларға ұзақ мерзімді кредит беру, жабдықтарды лизингке қаржыландыру, капиталға қатысу, кепілдіктер ұсыну, экспорттық тәуекелдерді сақтандыру және әрбір жобаның ерекшелігіне қарай қалыптастырылатын өзге де қаржылық құралдарды қамтитын кешенді қолдау көрсетілетіні айтылды.

Форум Қазақстан мен Қытай арасындағы түсті металлургия саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, заманауи технологияларды енгізу, экологиялық тұрғыдан орнықты шешімдерді қолдану және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шараға China Minmetals, Chinalco, Zijin Mining, Baiyin Nonferrous Group, Jinchuan Group, Jiangxi Copper Corporation, China ENFI Engineering Corporation, CMOC Group және басқа да жетекші қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты.

Форум Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және өнеркәсіп саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмыстың нақты жалғасы болды. Қатысушылар мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, өндірістерді жергіліктендіруге, технологиялар трансферін дамытуға және тау-кен металлургиясы кешеніне инвестициялар тартуға қосымша серпін беретінін атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар