17.02.2023

«Бәйтерек» Холдингі Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

«Бәйтерек» Холдингі Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

Басқарушы директор Нияз Көшкімбаев бастаған «Бәйтерек» холдингінің делегациясы 15 ақпанда Гаагада өткен «Қазақстан-Нидерланды»инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

Аталған іс-шара барысында Қазақстан мен Нидерландының ресми және іскер топтары арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Құттықтау сөзінде Нияз Көшкімбаев Еуропа елдерімен, атап айтқанда Нидерландымен ынтымақтастық және бірлескен жобаларды қолдау Холдинг үшін басым болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол нидерландылық әріптестеріне «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Нияз Көшкімбаев нидерландылық әріптестеріне Холдингтің АӨК саласындағы жобаларға қандай қолдау көрсететіні туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол Холдингтің ауылшаруашылық блогының ағымдағы жұмысы туралы айтты.

«Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені шетелдік инвестициялар үшін, оның ішінде голландиялық инвесторлар үшін ең тартымды секторлардың бірі болып табылады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының инвестициялар үшін тартымдылығына әсер ететін негізгі факторлар бай жер ресурстары, голландиялық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің Қытайдың, ЕАЭО-ның (Еуразиялық экономикалық одақ) және Парсы шығанағы елдерінің қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына шығу мүмкіндігі бар тиімді географиялық жағдай болып табылады», - деп атап өтті Нияз Көшкімбаев.

Нияз Көшкімбаевтың айтуынша, қазақстандық-голландиялық компаниялар арасындағы ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық тәжірибесі екі елдің аграрлық секторының одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді.

«Біз екіжақты іскерлік қатынастарды одан әрі дамытуға қуаныштымыз және қолданыстағы кредиттеу бағдарламалары шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ бірлескен бизнес - бастамалар бойынша әріптестік қатынастарды нығайту бойынша нақты ұсыныстарды қарауға дайынбыз», - деп түйіндеді Холдингтің Басқарушы директоры.


WhatsApp Image 2023-02-18 at 11.38.14.jpeg


WhatsApp Image 2023-02-18 at 11.38.23.jpeg


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар