12.01.2022

«Бәйтерек» холдингі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының акцияларына иелік етуді тоқтатты

«Бәйтерек» холдингі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының акцияларына иелік етуді тоқтатты

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ KASE-ге 2021 жылдың 31 желтоқсанынан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ акцияларына иелік етуді тоқтатқанын хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (АШҚҚҚ) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) қосу бойынша жұмыс жүргізді.

2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап АШҚҚҚ мүлкі, құқықтары мен міндеттері АКК-ға берілді. АӨК қолдау жөніндегі міндеттердің сабақтастығын және үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кредиттеудің негізгі процестерін іске асыруға тартылған АШҚҚҚ қызметкері АНК-ға ауыстырылды. Бұл АӨК субъектілерін кредиттеу бағдарламаларын біріккен компанияда шоғырландыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша қаржыландыру қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Несиелендіруден басқа, «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында АШҚҚҚ-дан АНК-ға агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор және ауылдық ипотекалық бағдарлама бойынша агент функциялары берілді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар