03.07.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
2 шілде күні Астанада «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов АҚШ Сауда палатасының делегациясымен кездесу өткізді. Делегация құрамына Mastercard, Freedom Holding Corp., Aretera Public Affairs, Global Data Risk және Resecurity компанияларының өкілдері кірді.
Кездесу барысында Тимур Онжанов Холдингтің қызметі, Қазақстан экономикасының басым секторларын қаржыландырудағы рөлі және инвестициялық жобаларды қолдауға арналған негізгі қаржылық құралдары туралы таныстырды. Сондай-ақ Холдингті ұлттық инвестициялық даму институтына трансформациялау, қаржылық құралдар желісін кеңейту және ірі инвестициялық бастамаларды кешенді сүйемелдеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
«Бәйтерек» холдингі үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту – негізгі басымдықтардың бірі. Біз озық технологияларға, салалық сараптамаға және ұзақ мерзімді инвестициялық жоспарларға ие стратегиялық серіктестерді тартуға мүдделіміз. Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп, энергетика, цифрлық инфрақұрылым және экономиканың басқа да басым салаларындағы жобаларды іске асыру үшін кең мүмкіндіктер ұсынып отыр. Өз кезегінде Холдинг жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде кешенді қаржылық құралдарды ұсынып, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Тимур Онжанов.
Кездесу барысында тараптар инвестициялар тарту, өнеркәсіпті дамыту, цифрлық экономиканы ілгерілету, қаржылық технологияларды дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды қолдау және халықаралық инвестициялық бастамаларды сүйемелдеу бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, халықаралық инвесторларды қолдау тетіктерін жетілдіруге және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру тәжірибесімен алмасуға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға және серіктестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытатынын растады.