«Бәйтерек» холдингі алдағы онжылдыққа арналған стратегиялық бағыттар мен міндеттерін айқындады

«Бәйтерек» холдингі алдағы онжылдыққа арналған стратегиялық бағыттар мен міндеттерін айқындады

     Жылдың басында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2024-2033 жылдарға арналған даму жоспарын бекіткен болатын

     Бұл бағыттар мен міндеттер Қазақстан экономикасының негізгі секторларын қолдауды көздейді. Осылайша, 2024-2033 жылдарға арналған жаңа даму жоспарында Холдинг кәсіпкерлікті ынталандыру, үлестік қаржыландыру экожүйесін дамыту және халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету сияқты үш стратегиялық бағытқа баса назар аударады.

     Кәсіпкерлікті қолдау аясында «Бәйтерек» холдингі түрлі қаржылық және қаржылық емес құралдарды пайдалана отырып, микро, шағын және орта кәсіпорындарға, сондай-ақ ірі жобаларға белсенді түрде жәрдемдесетін болады. Бұл ретте, ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ-тың интеграцияланған экожүйелерінің болмауы мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінеді. Даму жоспарында ірі компаниялардың жеткізу тізбегіне, қарыздарды қайтаруға, шикізатты жеткізуге және аутсорсингтік жобаларды іске асыруға қатысуын арттыру арқылы шағын және орта бизнеспен өзара іс-қимылды ынталандыру көзделген. Ол үшін «Бәйтерек» жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну кезінде қарсы міндеттемелер жүйесін енгізеді және жобалық қаржыландыруды қолдау мен дамытудың кешенді тәсілін қолдана отырып, ірі инвесторлардың айналасындағы экожүйелерді дамытуға жәрдемдеседі.

     Даму жоспарын әзірлеу кезінде Мемлекет басшысының жолдауларына, мемлекеттік жоспарлаудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ берген ұсынымдар ескерілгенін атап өткен жөн. Жоспардың толық мәтінімен Холдингтің ресми сайтында танысуға болады.

     «Бәйтерек» өз стратегиясын іске асыру қорытындысы бойынша жаңа салалық «өсу нүктелерін» дамыту есебінен Қазақстанның экономикалық құрылымын сапалы қайта құруға ықпал ететін проактивті басқарушы холдинг ретінде орнығуға ұмтылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар