30.12.2024
- Холдинг туралы
2024 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында Астанада аграрлық сектор өкілдерін, инвесторларды, коммерциялық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарды біріктірген «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені Кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммиті» өтеді. Іс-шара аграрлық секторды қаржыландырудың және елдегі кредиттік серіктестіктер (КТ) жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін негізгі алаңға айналды.
Саммиттің ашылуында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудағы кредиттік серіктестіктердің маңызды рөлін атап өтті. Ол бүгінгі күні елімізде 24,5 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктіретін 209 кредиттік серіктестік жұмыс істейтінін еске салды.
«Аграрлық несие корпорациясы (АНК) құрылған сәттен бастап кредиттік серіктестіктер үшін кредиттер 800 млрд теңгеден асты. Осы жылдың 8 айында ғана АНК оларды 135 млрд теңгеге қаржыландырды. Бұл аграрлық бизнесті қаржыландыру жүйесіндегі кредиттік серіктестіктердің маңызды рөлін растайды», - деп атап өтті Нұрболат Айдапкелов.
Ол сондай-ақ қатысушылардың назарын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесінде болып жатқан өзгерістерге аударды. Айдапкелов өз сөзінде «Даму» қоры арқылы АНК кредиттеріне кепілдік беру жүйесін іске қосуға ерекше назар аударды, бұл бұрын банктік қарыздар алуда қиындықтары бар фермерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Биыл «Кен Дала 2» бағдарламасы бойынша жеңілдікті шарттармен АНК арқылы шамамен 180 млрд теңге бөлінді, ал келесі жылы бұл соманы 300 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Холдингтің Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев «КТ қаржыландырудағы жаңа құралдар» панельдік сессиясында сөз сөйлеп, қатысушыларға «сыйақы мөлшерлемесін бөлу» жұмыс атауын алған жаңа қаржы өнімін ұсынды. Нияз Жеңісұлының айтуынша, бұл фермерлердің қаржыландыруға қол жетімділігін жеңілдетуге бағытталған түбегейлі жаңа тәсіл.
«Біз нарықтық кредит үшін төлем қарыз алушы мен өнім берушәі арасында бөлінетін модельді ұсынамыз. Бұл қарыз алушыға жеңілдік мөлшерлемесін алуға және өнім берушіге тауарды күрделі бөліп төлеу схемаларынсыз сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде барлығы ұтады: фермерлер қолжетімді қаржыландыруды алады, өнім берушілер тауар айналымын жеделдетеді, ал мемлекет бюджет қаражатын пайдаланбай ауыл шаруашылығын қолдау міндетін шешеді», — деп атап өтті Көшкімбаев.
«Бәйтерек» холдингі қаржыландырудың жаңа тетіктері мен қолдау бағдарламаларын енгізе отырып, агроөнеркәсіптік кешенді белсенді қолдауды жалғастыруда. Саммит іскерлік байланыстар орнату, агроөнеркәсіптік секторды дамыту проблемалары мен перспективаларын талқылау, сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау үшін маңызды алаңға айналды.
«Кең дала 2» бағдарламасына өтінім беру: https://bgov.kz/services/ken_dala3