Кеңес ал!

12.11.2025

«Бәйтерек» холдингі ESG қағидаттары мен тұрақты инвестициялау тәжірибесін талқылады

«Бәйтерек» холдингі ESG қағидаттары мен тұрақты инвестициялау тәжірибесін талқылады

11 қарашада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында Қоғамдық кеңестің Тұрақты даму, ESG және инвестиция тарту жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде «Жасыл және тұрақты инвестициялау: халықаралық тәжірибе және Холдинг компанияларының тәжірибесі» тақырыбы қаралды.

Іс-шараға Комиссия мүшелері, Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен сараптамалық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста Тұрақты даму, ESG және инвестиция тарту жөніндегі комиссияның төрайымы Юлия Якупбаева мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов сөз сөйледі.

Өз баяндамасында Тимур Онжанов «Бәйтерек» холдингі ESG қағидаттарын жүйелі түрде енгізіп келе жатқанын атап өтті. ESG талаптары Холдингтің инвестициялық саясатына ғана емес, ішкі процестеріне де енгізіліп, барлық еншілес ұйымдар үшін тұрақты инвестициялаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған. Оның айтуынша, «Бәйтерек» ESG қағидаттарын жеке бағыт ретінде емес, ұзақ мерзімді экономикалық өсім мен әлеуметтік жауапкершіліктің стратегиялық негізі ретінде қарастырады. Сонымен қатар, Холдинг халықаралық ESG бастамалары мен альянстарына белсенді қатысып, үздік тәжірибелермен алмасу және жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру бағытында жұмыс істеуде.

«Бүгінде тұрақты даму мәселелері барлық даму институттары үшін басты басымдыққа айналып отыр. Холдингтің басты міндеті – нарыққа үлгі бола отырып, жасыл және әлеуметтік бастамаларға тұрақты қаржыландыру қамтамасыз етілетін экожүйені қалыптастыру. ESG қағидаттары экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мүдделердің теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді», — деді «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов.

Отырыс барысында Холдингтің еншілес ұйымдары – «Отбасы банк» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ өз қызмет салаларындағы тұрақты қаржыландыру тәжірибелерін таныстырды.

Әсіресе «Отбасы банкінің» жасыл ипотека шеңберінде іске асырып жатқан жасыл және әлеуметтік қаржы өнімдеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Қазақстанның даму банкінің бастамалары талқыланды. Аталған қаржы институты елімізде алғаш болып Жасыл климаттық қордың аккредитациясынан өткен, ал оның жобалары энергиялық тиімді тұрғын үй құрылысы мен экологиялық шешімдерді қолдауға бағытталған.

Отырыстың қорытынды бөлімінде қатысушылар ESG қағидаттарын енгізу тәжірибесімен алмасудың және тұрақты даму күн тәртібін ұлттық даму институттары деңгейінде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Қоғамдық кеңестің Тұрақты даму, ESG және инвестиция тарту жөніндегі комиссиясының төрайымы Юлия Якупбаева өз сөзінде Холдинг компаниялар тобының тұрақты даму мен ESG жобаларына ашық экожүйе қалыптастыруының өзектілігіне тоқталды:

«Холдинг пен оның еншілес ұйымдары бүгінде тұрақты даму саласында елеулі жетістіктерге жетті. Енді барлық бағыттар бойынша бірыңғай ережелер мен ынталандыру тетіктері бар Тұрақты инвестициялау саясатын қалыптастыратын уақыт келді. Нарық осыған дайындалуы, өз ішкі процестерін жетілдіруі және нақты іске асырылған мысалдарды көруі қажет. Бұл – біздің Комиссияның келесі кезеңдегі негізгі міндеті», — деді Қоғамдық кеңестің мүшесі, Комиссия төрайымы Юлия Якупбаева.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар