Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

05.02.2026

«Бәйтерек» холдингі аграрлық қаржыландыруды дамыту мәселелері бойынша Германия делегациясымен кездесу өткізді

Кеңес ал!

05.02.2026

«Бәйтерек» холдингі аграрлық қаржыландыруды дамыту мәселелері бойынша Германия делегациясымен кездесу өткізді

«Бәйтерек» холдингі аграрлық қаржыландыруды дамыту мәселелері бойынша Германия делегациясымен кездесу өткізді

Бүгін «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ алаңында Қазақстан мен Германия арасындағы аграрлық қаржыландыру бағытындағы ынтымақтастықты дамыту аясында неміс делегациясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Бәйтерек» холдингі тарапынан Холдингтің басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдос Сейтжанов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Нұрбол Жанабеков, сондай-ақ «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ басқарушы директоры Елдар Қуанбаев қатысты.

Неміс делегациясының құрамында BMLEH-тің «Халықаралық жобалар» бағытындағы 624-бөлімінің жауапты қызметкері Ребекка Риддер, сондай-ақ Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогын іске асыруға тартылған өзге де ұйым өкілдері болды.

Кездесу барысында тараптар аграрлық саясат саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, ауыл шаруашылығын орнықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ агробизнесті қолдауға арналған заманауи қаржылық және институционалдық құралдарды енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Аграрлық қаржыландыру мәселелеріне, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау тетіктерін дамытуға, агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамытуға бағытталған халықаралық тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ сараптамалық және аналитикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды. «Бәйтерек» холдингінің өкілдері неміс тарапын Холдингтің инвестициялық холдингке трансформациялану барысы, оның еншілес ұйымдарының аграрлық секторды қаржыландырудағы рөлі және ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бағдарламаларын іске асыру туралы хабардар етті.

Сонымен қатар Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогы аясындағы одан әрі ынтымақтастық бағыттары, оның ішінде сараптамамен алмасу, бірлескен аналитикалық зерттеулер жүргізу, неміс мамандарын тарта отырып оқыту және консультациялық іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ аграрлық саладағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға және тереңдетуге мүдделілік білдіріп, агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қамтамасыз ету және аграрлық саясаттың тиімділігін арттыру үшін қаржы институттары, мемлекеттік органдар мен сараптамалық қоғамдастық арасындағы жүйелі диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар