Кеңес ал!

02.04.2026

«Бәйтерек» холдингі 250 млрд теңгеге дебюттік еурооблигациялар орналастырды

«Бәйтерек» холдингі 250 млрд теңгеге дебюттік еурооблигациялар орналастырды

2026 жылғы 26 наурызда «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ теңге түрінде шығарылған қамтамасыз етілмеген аға еурооблигациялардың алғашқы шығарылымын сәтті орналастырды. Шығарылым екі транштан тұрады: 3 жылдық облигациялар – 150 млрд теңге, 5 жылдық облигациялар – 100 млрд теңге. Екі транш та 16,95% кірістілікпен орналастырылды.

Бұл мәміле көлемі бойынша теңге түрінде шығарылған еурооблигациялар арасында тарихтағы екінші ірі эмиссиялардың бірі болды. Бағалы қағаздар толықтай халықаралық институционалдық инвесторлар арасында орналастырылып, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылыққа қарамастан, Қазақстанға деген жоғары қызығушылықты көрсетті.

Аталған жарияланым Холдингтің халықаралық капитал нарықтарындағы ұстанымын нығайтуға және негізгі жобаларды іске асыру үшін инвестициялық ресурстар базасын кеңейтуге бағытталған маңызды стратегиялық қадам. Тартылған қаражатты тұрғын үй құрылысы мен агроөнеркәсіп секторын қолдауға бағыттау жоспарлануда.

Жаңа шығарылым Холдингтің де, ел экономикасының да тұрақты дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық инвесторлардың жоғары сенімін және «Бәйтерек» холдингінің сенімді қарыз алушы әрі жетекші даму институты ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар