Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.12.2024

«Бәйтерек» холдингінде мемлекеттік органдар мен еншілес компаниялардың баспасөз қызметкерлері бас қосты

26.08.2024

«Бәйтерек» ҰБХ Францияның даму агенттігімен ынтымақтастық келешегін талқылады

«Бәйтерек» ҰБХ Францияның даму агенттігімен ынтымақтастық келешегін талқылады

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Қазақстандағы Француз даму агенттігінің (AFD) өкілдерімен кездесті. Кездесу AFD жаңа командасымен танысу, сондай-ақ даму жоспарлары мен бірлескен жобаларды талқылау мақсатында өтті.

Кездесуге Қазақстандағы AFD өкілдігінің директоры Гульноза Калленс ханым, AFD консультанттары Франсуа Сальвия мырза мен Эстер Ле Гийю ханым қатысты. Холдингтен Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сапулатов қатысты.

3.jpg

«AFD-мен ынтымақтастық «Бәйтерек» холдингіне Қазақстандағы аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Агенттікпен бірлескен жұмыс елдің тұрақты дамуына, әсіресе шағын және орта бизнес, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және инфрақұрылымды жаңғырту аясында ықпал ететініне сенімдіміз», - деп атап өтті Рустам Карагойшин.

Францияның даму агенттігі – өмір сүру жағдайын жақсартуға, экономикалық өсімді ынталандыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларды қаржыландыратын Францияның мемлекеттік мекемесі. Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 150-ден астам елінде ұйым өз қызметін жүргізеді және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келетін бағдарламаларды белсенді қолдайды.

4.jpg

AFD-мен ынтымақтастық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен байланысты жобаларға, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін кредиттік желілерді ұсынуға, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға қатысты жобаларға жәрдемдеседі.

Француз даму агенттігі ағымдағы жылы Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстан Республикасына сапары кезінде қол қойылған екіжақты келісім шеңберінде Қазақстанда өз кеңсесін ашты. Бұл ынтымақтастық елеулі инвестицияларға және елдің маңызды экономикалық секторларының тұрақты дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

5.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар