25.09.2024 18:57:00
- Холдинг туралы
2023 жылғы 01 желтоқсанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов немістің ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші CLAAS, СТ AGRO компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара Қазақстанның аграрлық секторын дамытудағы маңызды бағыттардың талқылануымен ерекшеленіп отыр.
Кездесу шеңберінде тараптар Қазақстанда CLAAS ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамыту келешегіне көңіл бөлді, бұл ретте Холдингтің еншілес ұйымдары, оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, қолдау құралдарына ерекше назар аударылды.
Кездесуге СТ АГРО Бас директоры Йорг Фошепот, CLAAS компаниясының Шығыс Еуропа аймағының сату жөніндегі вице-президенті Нилс Рой, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және тағы басқалар қатысты.
CLAAS маркалы жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасы Петропавл қаласындағы «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС-да өндіріледі, кәсіпорын CLAAS заманауи тракторларын, астық жинайтын комбайндарды және сол брендтің заманауи астық орақтарын, сондай-ақ HORSCH кең ауқымды егіс кешендерін шығарады.
«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС шығаратын заманауи ауыл шаруашылығы техникасы қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында үлкен сұранысқа ие. Егер 2022 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 14,4 млрд теңге сомаға «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС-нің 112 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуды қаржыландырса, 2023 жылдың басынан бастап 19,6 млрд теңгеге 130 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берді. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС шығарған 86 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы 4,7 млрд теңгеге лизингке берілді.
2021-2023 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен АГРО СТ және «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС арқылы отандық аграршылар 83,8 млрд теңге сомаға 1011 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.