Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

25.09.2024 18:57:00

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммитіне қатысты

28.08.2024

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және Бүкілқытайлық жабдықтау-өткізу кооперативтерінің федерациясы агроөнеркәсіптік сектордағы ынтымақтастық келешегін талқылады

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және Бүкілқытайлық жабдықтау-өткізу кооперативтерінің федерациясы агроөнеркәсіптік сектордағы ынтымақтастық келешегін талқылады

27 тамызда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Бүкілқытайлық жабдықтау-өткізу кооперативтері федерациясының (ACFSMC) делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіп, сауда және кооперация саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

3 (1).jpg

Аграрлық сектордағы қарым-қатынас, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін импорттау және агротехнологиялық инфрақұрылымға инвестициялар тарту талқылаудың басты тақырыбы болды. ACFSMC делегациясы Қазақстаннан астық, майлы дақылдар мен ет жеткізуге бағытталған ортақ жобаларды дамытуға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және ақылды суару және инновациялық өсіру әдістері сияқты ауыл шаруашылығындағы заманауи технологияларды енгізу бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

4 (1).jpg

Кездесу барысында тараптар аграрлық секторды тұрақты дамыту үшін кооперативтік тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Кооператив қызметін кеңейту және ауылшаруашылық кооперативтерін басқару бойынша тәжірибе алмасу жолдары талқыланды. ACFSMC өкілдері білім мен технологиялармен алмасу үшін қазақстандық әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға ниет білдірді, бұл екі елдің агроөнеркәсіп кешені жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

5 (1).jpg

Анықтама үшін: Бүкілқытайлық жабдықтау және өткізу кооперативтерінің федерациясы 1954 жылы құрылған және 37000-нан астам кооперативтер мен 32 миллион жеке мүшелерді біріктіретін Қытайдың ең ірі кооперативтік желісі болып табылады. 2023 жылы ұйымның жалпы айналымы 7,3 триллион юаньды құрады. ACFSMC қызметі көтерме және бөлшек сауда, логистика, қаржылық қызметтер, ауылшаруашылық өндірісі және электрондық коммерция сияқты бағыттарды қамтиды.

6 (1).jpg

7.jpg

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар