Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.05.2025

«Бәйтерек» холдингі мен Oman Investment Authority Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын іске қосу мәселесін талқылады

Кеңес ал!

29.05.2025

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Француз бизнесімен ынтымақтастықты нығайтуда

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Француз бизнесімен ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылғы 28 мамырда Astana International Forum және Қазақстан-Француз бизнес-форумы шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Францияның жеке бизнес бірлестігі — MEDEF International қолдауымен ұйымдастырылған жетекші француз компанияларының делегациясымен кездесті. Француздар тарапынан делегацияны Француз-Қазақстан Іскерлік кеңесінің төрағасы және Vicat компаниясының төрағасы Ги Сидос басқарды.

Кездесуге Meridiam, POMA, CLEIA, SUEZ, VOCAT, ARTERAIL, MND және басқа да компаниялардың өкілдері қатысты. Тұрақты даму, өнеркәсіптік инжиниринг, жаңартылатын энергетика, инфрақұрылымдық және аграрлық қаржыландыру, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, инфрақұрылым, орнықты даму, логистика және агроөнеркәсіптік кешенді қоса алғанда, Қазақстан экономикасының басым секторларындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

«Франция - Қазақстанның Еуропадағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Француз бизнесімен бірлескен жаңа жобалар отандық өнеркәсіп пен тұрақты экономиканың дамуына серпін беретініне сенімдіміз. «Бәйтерек» холдингі инвестицияларға ашық және қаржылық қолдаудың барлық қажетті құралдарын қамтамасыз етуге дайын», - деп атап өтті Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басым жобаларды іске асыруға және Қазақстан экономикасының негізгі салаларына халықаралық тәжірибені енгізуге ықпал ететін негізгі даму институтының рөлін атқаруды жалғастыруда.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар