25.10.2018

Қазанда «KazakhExport» ЭСК» АҚ бірінші шетелдік өкілдігі ашылды

Қазанда  «KazakhExport» ЭСК» АҚ бірінші шетелдік өкілдігі ашылды

 

photo2

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Қазан, 24 қазан. Қазан қаласында Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысын өткізу қарсаңында «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымының) бірінші шетелдік өкілдігінің ресми ашылуы болып өтті.

 

Өкілдіктің ашылуы «Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы» Одағы Төрағасының орынбасары А.С. Николаевтың, Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Е.В. Тукумовтың және Татарсатн Республикасының бизнес-қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен болып өтті.

 

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазан қаласында жұмыс сапарымен болып қайтты, ол екі ел арасындағы тауар айналымын 700 млн-нан 1 млрд. долларға дейін көтеру қажеттілігі туралы айтып өтті. «Ресей Федерациясында алғашқы шетелдік өкілдікті аша отырып, біз екі жақтан да сауданы ынталандыруға, жаңа нарықтарды игеруге дайын экспортшыларға сақтандыру бойынша қолдау көрсетуге ниет білдіреміз. Біздің компанияның мақсаты экономиканың өңдеуші секторларының тауарларын, сондай-ақ жұмыстар мен қызметтер экспортын дамыту болып табылады. «KazakhExport» ЭСК» АҚ қазақстандық экспортшыларға көрсеткен сақтандыру бойынша көмек көлемі ағымдағы жылдың 9 айының қорытындылары бойынша 100 млн. астам АҚШ долларын құрады»,-деп хабарлады ашылу салтанатында «KazakhExport» ЭСК» АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаков.

 

Аталған орындардағы серіктестік кәсіпкерлермен және банктермен өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ қазақстандық өнім үшін әлеуетті сату нарықтарын ішкі жақтан зерттеуге мүмкіндік береді деп айтып өтті.

 

Өкілдік қызметі Татарстанда ғана емес, сонымен қатар көршілес өңірлерді де қамтитын болады: Нижегородск облысын, Башқұртстан, Орынбор облысын, Орск, Самар, Саратов және тағы басқаларын.

 

Бүгінгі күні Қазақстаннан ресей нарығына дәрі-дәрмектер, шай, тамақ өнімдері, медициналық техника, трансформаторлық және кабель жабдығы, өнеркәсіптік өндіріс бұйымдары жеткізіледі. Сарапшылардың пікірі бойынша, қазақстандық машина жасау, ауыл шаруашылығы, химия және тамақ өнеркәсібі үлкен экспорттық әлеуетке ие.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар