Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.09.2025

«Бәйтерек» холдингі 500 млн АҚШ долларына еурооблигациялар шығарылымын сәтті орналастырды

Кеңес ал!

25.09.2025

ҚазАгроҚаржы AI пайдаланып, ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне өтінімдер берудің цифрлық сервисін енгізді

ҚазАгроҚаржы AI пайдаланып, ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне өтінімдер берудің цифрлық сервисін енгізді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ шаруаларға ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне берген өтінімдері бойынша небәрі 10 минут ішінде шешім алуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервистің іске қосылғаны туралы жариялады.

Бұл құралдың негізінде жасанды интеллект технологиялары жатыр. Өтінім беру кезінде клиент шаруа немесе фермер қожалығының құрамы туралы анықтаманы тіркейді, содан кейін жүйе құжатты автоматты түрде тануды жүзеге асырады. Егер қожалық бір мүшеден тұратыны анықталса, өтінім жеделдетілген қарауға жіберіледі. Бұл шешім қабылдау уақытын қысқартуға және процесті барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Жаз айларында «ҚазАгроҚаржы» мамандары Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда Павлодар, Қарағанды және басқа да облыстарда ашық есік күндерін өткізді. Шаруалармен кездесу барысында жаңа сервис таныстырылып, оның онлайн режимдегі жұмысы көрсетілді. Шаруалар жаңашылдықты қуана қабылдап, қолдануға ыңғайлылығын атап өтті.

Бұл ретте компания цифрлық өтінім қағаз нысанды ауыстыру емес, оның баламасы екенін айтады. Ауылдық жерлерде интернет тұрақсыз болып келеді, кейбір шаруалар смартфон пайдаланбайды немесе цифрлық құралдармен жұмыс істеу дағдылары жоқ. Сондықтан «ҚазАгроҚаржы» шаруаларға сервистің жұмысын таныстыруды және жаңа құралды игеруге көмектесуді жалғастырады.

«Жаңа сервис өтінім бойынша шешімді небәрі бірнеше минут ішінде қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана автоматтандыру емес, тиімділікті арттырудың нақты құралы. Біз қағаз нысанда жұмыс істеуді қалайтындар үшін бұл үйреншікті нысанды сақтап қаламыз, сонымен қатар жаңа, цифрлық жолды игерулеріне мүмкіндік береміз», - деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Өтінім берудің цифрлық сервисі компанияның жасанды интеллект технологияларын енгізудегі жүйелі жұмысының жалғасы. 2024 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ЖИ қолдана отырып, лизинг нысаналарын онлайн-мониторингтеу жобасын іске асырды. Жүйе өзінің тиімділігін көрсетті, енді инженерлерге техниканы тексеру үшін алқаптарға шығудың қажеті жоқ, бақылауды қашықтан жүргізе береді.

Цифрлық лизинг пен техниканы мониторингтеу жүйесінің іске қосылуы – «Бәйтерек» холдингі стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан табысты цифрлық трансформацияның мысалдары. Холдинг жаңа технологияларды белсенді енгізіп, үдерістерді автоматтандырады және қаржы құралдарын ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қолжетімді ете түседі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар