29.01.2020

Қазақстан Өзбекстанға 766 автокөлік жеткізеді

Қазақстан Өзбекстанға 766 автокөлік жеткізеді

Қазақстан мен Өзбекстан "СарыарқаАвтоПром" ЖШС алаңында бірлесіп шығарылған автомобильдердің экспортын арттыруға келісті.

 

Мұндай ынтымақтастық туралы келісімге "KazakhExport "экспорттық-сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов пен "Узавтосаноат" АҚ басшысы Шавкат Өмірзақов Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен өткен Ұлттық павильонда Chevrolet модельдік қатарын таныстыру барысында қол қойды.

 

2

 

Құжат "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы-KazakhExport - тің Өзбекстанға қазақстандық автокөліктердің экспортын қаржыландыру бойынша қаржы-сақтандыру құралдарын қолдануды қарастырады.

 

3

 

Қол қойылған келісім аясында өзбек нарығына JAC S3 және JAC S5 маркалы 766 автомобильді жеткізуге 11,8 млн АҚШ долларына алғашқы мәміле жасалды. Мәміле KazakhExport экспорттық саудалық қаржыландыру шеңберінде Сбербанк АҚ ЕБ арқылы жүзеге асырылды.

 

"KazakhExport "экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ миссиясы ("Бәйтерек "ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар