22.12.2020

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа атаумен жұмыс істей бастады

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа атаумен жұмыс істей бастады

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып өзгертілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы тиісті тапсырманы 2020 жылғы 11 мамырда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан болатын.

Қысқартылған атауы – «Отбасы банк» АҚ болады.

Банктің жалғыз акционері мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы 100% «Бәйтерек» холдингі болып табылады. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгереді. 

«Отбасы банк» тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын банк болып қала береді және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары операторының өз функцияларын өзгертпейді.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Отбасы банкі» тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады деп жоспарлануда. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін қолданыстағы кезектілік жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банкіне» беру және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын» құру жоспарлануда, ол тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл жағдайда азаматтар тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау, кезекке тұру, содан кейін несие алу үшін банкке жүгіну үшін бірнеше инстанцияға жүгінудің қажеті болмайды.

- Банктің дамыған инфрақұрылымы, ақпараттық және технологиялық ресурстары азаматтарды, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұрғын үймен қамтамасыз ету процесін жеделдетеді, кезектілікті басқару мүмкіндігін кеңейтеді, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тұрғын үй алу рәсімін оңтайландырады. Бұл ретте Банк 1,7 млн - нан астам салымшылар мен 181 000-ға жуық қарыз алушыларға қызмет көрсете отырып, «тұрғын үй құрылыс жинақтары» жүйесі шеңберінде өзінің негізгі қызметін жалғастырады, - деп «Отбасы Банкі» Басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова атаудың өзгеруіне түсінік берді.

Бүгінгі таңда банктің депозиттік портфелі 976 млрд теңгені құрайды. Жыл соңына қарай 1 трлн теңге көрсеткішіне қол жеткізу жоспарланып отыр.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар