«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) отандық экспорттаушылардың цифрлық өтінімдерді беруі және шарт талаптарын келісімдеуі үшін экспорттаушының жеке кабинетін - онлайн-платформаны іске қосады. Жоба Мемлекет басшысының мемлекеттік басқаруды ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасы бойынша іске асырылды.
Онлайн-платформа бірыңғай терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді және «Бәйтерек» холдингінің «Bgov» бизнесті қолдау порталымен және байланыс орталығымен интеграцияланған, сондай-ақ экспорттаушыға Агенттіктің бекітілген менеджерімен онлайн режимінде өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.
Өтініш берген кезде экспорттаушы сақтандыру өнімін таңдап, Жеке кабинетте тіркелу мен авторизациялауды қамтитын келесі негізгі кезеңдерден өтуі керек.
Онлайн-өтінім қаралғаннан кейін, ол мақұлданған жағдайда, экспорттаушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, онлайн шартқа қол қою мүмкіндігі беріледі. Бұл процесс құқықтық қауіпсіздік пен ашықтықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл кешенді тәсіл өтінімдерді өңдеуді едәуір жеделдетеді, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырады және экспорттаушылардың уақыт шығындарын азайтады.
Барлық кезеңдер экспорттаушының жеке кабинетінде
online.kazakhexport.kz және Агенттіктің ресми сайтындағы басты бетте –
www.kazakhexport.kz қолжетімді.
Жақын арада Агенттік осы онлайн-портал арқылы өтінім беру бойынша экспорттаушыларды оқыту сериясын өткізуді жоспарлап отыр.