05.06.2023

Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесі екі ел арасындағы сауда-экономикалықынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесі екі ел арасындағы сауда-экономикалықынтымақтастықты нығайтуда

2023 жылғы 5 маусымда Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесі болып өтті. Іс-шара Қазақстан мен Бельгияның бизнес-қоғамдастығының, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық миссияларының жоғарылауазымды өкілдерін бір жерге жинады. Кездесу екімемлекет өкілдері арасындағы ортақ мүдделердіталқылау және сындарлы өзара іс-қимылдынығайту үшін маңызды тұғырнамаға айналды.

Қазақстан делегациясының құрамында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұханов, Іскерлік кеңестің тең төрағалары Аян Еренов және Денис Ван Ден Веге мырза және бизнес-қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты. Бельгия жағынан Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Анри Ван Тигем, AWEX-тің Үлкен Еуропа жөніндегі директоры Ива Ричард және Бенилюкс Сауда палатасыныңпрезиденті Денис Ван Ден Веге болды.

CC176E78-6ADC-4B95-A605-A4F5FEE7FEF4.jpeg

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы ҚанатШарлапаев Қазақстанда бизнес жүргізумүмкіндіктерін қарастыратын бельгиялықкомпанияларға толық қолдау көрсететінін жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстанда Solvay ChemicalsInternational SA, Sarens Group, Evolion және Indussсияқты ірі компанияларды қоса алғанда, бельгиялық капиталдың қатысуымен 70-тен астамкәсіпорын жұмыс істеуде. Холдинг Қазақстандабизнесті дамытуға мүдделі жаңа компаниялардыңкелуіне сенім артады.

Іскерлік кеңесте инвестицияларды тартуға ерекшекөңіл бөлінді. Бельгиядан ҚР-ға тікелейинвестициялардың жалпы ағыны 2022 жылы 1,560 млрд. АҚШ долларын құрады, ал 2005 жылдан2022 жылға дейінгі кезеңде инвестициялар көлемі11,52 млрд. долларды құрады. Бұл бельгиялықкомпаниялардың Қазақстанның инвестициялықортасына және оның әлеуетіне деген сенімінайғақтайды.

Бельгия Қазақстанның Еуропалық одақтағымаңызды сауда серіктесі, сондай-ақ инвестициялармен жаңа технологиялардың маңызды көзі болыптабылады. Екі ел арасындағы тауар айналымытұрақты өсімді көрсетіп келеді. 2022 жылдыңқорытындысы бойынша тауарлар айналымы 514,5 миллион АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23%-ға артық. Қазақстан Бельгияға272,1 миллион АҚШ доллары сомасындағы өнімдіэкспорттаған, ал Бельгиядан импортталған өнім242,4 миллион АҚШ долларын құрады.

FD924C4B-AE76-4A42-B350-668355326E74.jpeg


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар