25.06.2021

Айдар Әріпханов әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізді

Айдар Әріпханов әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов квазимемлекеттік сектордың халық алдындағы есептілігі шеңберінде Холдингтің әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram, YouTube) парақшаларында тікелей эфир өткізді.

«Бәйтерек» холдингінің басшысы 2020 жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ компанияның ел экономикасына қосқан үлесі туралы айтты.

Қазіргі уақытта Холдинг құрамында микро-, шағын, орта және ірі бизнесті қолдаумен, экспортты, агроөнеркәсіптік кешенді дамытумен, венчурлық қаржыландырумен, проблемалық компанияларды сауықтырумен, сондай-ақ тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз етумен айналысатын 10 еншілес ұйым жұмыс істейді.

- Бірыңғай корпоративтік саясатты құра отырып, біз мемлекеттік органдарды бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің қамтамасыз етілуін, сондай-ақ даму институттарының қызметін бақылау жөніндегі үлкен және күрделі жұмыстан босатамыз, - деп атап өтті Айдар Әріпханов өз сөзінде.

Басқарма төрағасы өткен дағдарыс жылында «Бәйтерек» холдингі жедел түрде жаңа жағдайда жұмыс жасап, клиенттерге қолдау көрсетуді жалғастырғанын атап өтті.

- Өткен жыл бәріміз үшін қиын болды. Біз өміріміздің барлық салаларына әсер еткен әлемдік проблемаға тап болдық. Бірақ «Бәйтерек» холдингі пандемия жағдайында өз жұмысын жедел реттеді. Біз қолдау көлемін сақтап қана қоймай, оны арттыра алдық, ал біздің клиенттерімізге оны алуды жеңілдете алдық, – деп атап өтті Айдар Әріпханов.

Өткен жылғы қызмет қорытындысы бойынша Холдингтің таза пайдасы 73 млрд теңгені, ал активтердің мөлшері - 6,8 трлн теңгені құрады.

- Жалпы, өткен жылы «Бәйтерек» холдингі экономиканың шикізаттық емес салаларындағы кәсіпорындарға 1 трлн теңгеден астам сомаға қолдау көрсетті. Қаржылық қолдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артты, - деп хабарлады спикер.

Холдинг Басқармасының төрағасы өз сөзінен кейін азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Алдын ала мәлімделген iconference@baiterek.gov.kz электрондық поштасы арқылы 20-ға жуық сұрақ түсті. Сонымен қатар сұрақтар тікелей эфир барысында да келіп түсті. 

«Тікелей эфир» трансляциясының жазбасын келесі сілтеме бойынша көруге болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар