19.12.2024
- Холдинг туралы
5 қазанда Мадридте кәсіпкерлік саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ отандық экономикаға испан инвестицияларын тартуға бағытталған «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысы болып өтті.
Іскерлік кеңес Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының тоғызыншы кездесуі шеңберінде өтті.
Кеңес отырысына ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің делегациясы қатысты, оның құрамына Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, еншілес ұйымдар басшылығы: «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) Айнұр Қуатова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Гаухар Бөрібаева, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Рустам Исаев, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров кірді.
- Соңғы бір жарым жыл ішінде пандемия бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін, атап айтқанда, достас елдеріміздің сауда-экономикалық өзара қарым-қатынасын дамыту үшін оңай болған жоқ. Осы уақытта біздің Испандық әріптестеріміздің Іскерлік кеңес бойынша іс-шараны онлайн режимде емес, тікелей форматта өткізу қажеттілігі туралы мәлімдеген бастамасы, бір жылға кейінге қалдырылса да, испан әріптестерінің екі ел бизнесінің тиімді екіжақты диалогына шынайы мүдделілігін көрсетті, - деп атап өтті ашылуда Қазақстанның Іскерлік кеңесінің тең төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.
«Бәйтерек» холдингінің басшысы испандық әріптестеріне Холдингтің экономиканың басым секторларын қолдауы туралы, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іздеу, тарту және сүйемелдеу бойынша инвесторлармен және бизнес-қоғамдастықпен белсенді жұмыс жүргізу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
- Испанияның құрылыс, энергетика, азық-түлік өндірісі, көлік саласы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым - клиникаларды, оқу орындарын басқару саласындағы жобаларды іске асыру тәжірибесі мен практикасы мол. Испан бизнесін бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанға шақырамын, - деді Холдинг басшысы.
Өз кезегінде, Испаниядан Іскерлік кеңестің тең төрағасы, «MAXAM» компаниясының президенті Хосе Мануэль Варгас испан инвесторлары металлургия саласындағы қазақстандық ірі компаниялармен байланыс орнатуға мүдделі екенін және перспективалық жобаларды қарауға дайын екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Мадридке сапары кезінде Айдар Әріпханов испан компанияларының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Осылайша, CESCE Экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік испан компаниясының президенті Фернандо Саласармен кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Нәтижесінде ҚДБ мен CESCE арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
- Холдингтің еншілес құрылымы Қазақстанның Даму Банкі үшінші елдердің нарықтарына, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ нарығына өзара экспортты қолдау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Бүгінгі Меморандумға қол қоюды назарға ала отырып, біздің компаниялар іске асырылуы машина жасау, АӨК, тамақ өнеркәсібі және басқа да өнімдерді өндіруді және экспорттауды көздейтін жобалармен бірлесіп жұмыс істей алады, - деп атап өтті Думан Әубәкіров
Сонымен қатар, іскерлік кездесу ICEX экспорт және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік компанияның Басқарма төрағасы Мария Пеньямен өтті. ICEX Испанияның негізгі бизнес ұйымдарымен, сауда палаталарымен және салалық топтармен тығыз жұмыс істейді. Бұл ұйымның бүкіл әлем бойынша 100-ден астам өкілдігі бар.
«Бәйтерек» холдингімен ынтымақтасуға басқа испандық компаниялар да ниет білдіруде. Сапар барысында COFIDES дамытуды қаржыландыру жөніндегі испандық компания Холдингтің еншілес ұйымдары – ҚДБ және ҚКМ-мен меморандумдарға қол қойды.
- Бүгінгі Келісім екі тарап үшін әлеуетті артықшылықтар мен өсу мүмкіндіктерін зерттеудің маңызды алғашқы қадамы болып табылады. Испанияның негізгі қаржылық даму институтымен серіктестік ҚКМ тікелей инвестициялар және венчурлық қаржыландыру саласындағы құзыреттілігін жақсартуға мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыру жөніндегі сараптаманы испан тарапымен біріктіру басым салаларда орнықты инвестициялық портфельді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, COFIDES компаниясы ЕО аккредиттелген субъектісі бола отырып, аралас қаржыландыру бойынша бастамалар шеңберінде ЕО-ны қаржыландыруды іске қосуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Айнұр Қуатова.
Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингінің басшысы «MAXAM» компаниясының президенті Хосе Мануэль Варгаспен және «AJUSA» компаниясының президенті Хосе Мануэль Мартинеспен кездесті.
MAXAM - бұл 140-тан астам компаниялардың өнеркәсіптік тобы, олар тау-кен және құрылыс үшін жарылғыш заттар мен жүйелерді жасайды және шығарады. AJUSA автомобиль компоненттерімен, отын ұяшықтарының қуат жүйелерімен, биполярлы плиталармен және басқалармен қамтамасыз етеді.
Сапар соңында «Бәйтерек» холдингінің делегациясы Мадрид аудандарының бірінде қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты.