Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

22.05.2026

Астанада Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын әзірлеуге арналған Baiterek Hackathon өтті

Кеңес ал!

22.05.2026

Астанада Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын әзірлеуге арналған Baiterek Hackathon өтті

Астанада Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын әзірлеуге арналған Baiterek Hackathon өтті

2026 жылғы 21 мамырда Astana Hub алаңында Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын (БҚБП) әзірлеуге арналған Baiterek Hackathon жобасының алғашқы кезеңі — Demo Day өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақытжан Мұхаметқалиев, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин, Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары қатысты.

Хакатон Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру жылы аясында ұйымдастырылуда. Әзірленіп жатқан Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталы Холдингтің еншілес ұйымдарының сервистерін «бір терезе» қағидаты негізінде біріктіретін цифрлық платформа болмақ. Жоба кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау құралдарының қолжетімділігін арттыруға, даму институттарымен өзара іс-қимылды жеңілдетуге және болашақта eGov платформасымен ықпалдасуға бағытталған.

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин Холдингтің қазақстандық IT-командаларды заманауи бизнес-сервистерді әзірлеуге тартуға мүдделі екенін атап өтті.

«Baiterek Hackathon — Холдинг экожүйесіне арналған перспективалы цифрлық шешімдерді анықтап, отандық IT-нарықтың дамуына серпін беруге мүмкіндік беретін алаң. Біз кәсіпкерлерге арналған сервистердің барынша ыңғайлы, жылдам әрі түсінікті болғанын қалаймыз», — деді Рустам Қарагойшин.

Хакатонға Қазақстанның барлық өңірінен 24 өтінім келіп түсті. Жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып жүргізілген көпсатылы іріктеу нәтижесінде алғашқы кезеңнің финалына 9 IT-команда өтті.

Demo Day барысында қатысушылар цифрлық платформаның прототиптерін таныстырды. Жобаларға «Бәйтерек» холдингінің басшылығы мен еншілес ұйымдардың басшыларынан құралған қазылар алқасы баға берді.

Алдағы бір ай ішінде байқаудың екінші кезеңін өткізу жоспарланып отыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті жеңімпаз анықталады.

Baiterek Hackathon — «Бәйтерек» холдингі мен Astana Hub арасындағы практикалық ынтымақтастықтың жалғасы. Бұған дейін тараптар Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan 2026 алаңында технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға, IT-экспортты дамытуға және қазақстандық IT-компаниялардың әлеуетін кеңейтуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар