Бүгін Астана халықаралық форумы аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
ұйымдастырған панельдік пікірталас өтті. «Еуразия: орнықты даму жолында» тақырыбына арналған іс-шара жоғары дәрежелі қатысушылардың басын қосып, орнықты даму проблемаларын шешу бағытындағы ынтымақтастық туралы сәтті диалог жүргізілген платформаға айналды.
Өз сөзінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев бүгінгі форум нәтижелі, сындарлы диалогқа арналған алаң екенін атап өтті. «Жеткізу тізбегі бұзылған, бұрыннан қалыптасқан логистика өзгерген қазіргі жағдай тұрғысынан қарайтын болсақ, орнықты даму мақсаттары Үкіметтің де, жеке сектордың да күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе болып отыр. Әрине, Қазақстан осы мәселелерді талқылаудан тыс қалып жатқан жоқ. Бұл тұста, ең алдымен, экономикалық өсуді атап өткен жөн. Әлеуметтік мәселелер мен экология мәселелерін шешпей экономиканы дамыту мүмкін емес», - деді холдинг басшысы.
Ол Қазақстандағы қаржы секторындағы ең ірі агенттердің бірі – «Бәйтерек» екенін атап өтті. Холдинг өз қызметінде таразының бір басына тұрақтылық пен экономикалық дамуды қойса, екінші басына әлеуметтік және экология мәселелерін қояды. «Бәйтерек» өзінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй сатып алу үшін тиімді ипотека ұсынады, әйелдерге арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы бар. «Даму» қоры арқылы шағын, орта және ірі бизнеске қолдау көрсетіледі, баламалы энергия көздерін пайдаланатын жобаларға қаражат бөледі. Атап өтетін тағы бір маңызды аспект – ауыл шаруашылығына инвестиция салу және су ресурстарын үнемдеу үшін жаңа технологияларды пайдалануды қолдау.
«Біз Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамыту әлеуеті зор екеніні көріп отырмыз. Жеріміздің шамамен 75%-ы ауыл шаруашылығына жарамды, алайда оның тек 30%-ы ғана пайдаланылуда. Меніңше, бұл «Бәйтерек» үшін маңызды мақсаттардың бірі. Әрине, кейбір қиындықтар бар. Олар су ресурстарына, көкөніс қоймаларының жеткіліксіздігіне, нарыққа, инфрақұрылымға және экологияға қатысты. Осы аспектілердің барлығын жақсарту қажет. Менің ойымша, біз дұрыс жолдамыз, өйткені бірқатар жобалар осы бағытта, әсіресе азық-түлік хабтары мен көтерме нарықтарды дамыту бағытында іске асырылуда. Мұндай инфрақұрылым азық-түлік секторын құрылымдауға, жеткізу тізбегін жақсартуға және қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға көмектеседі», - деп толықтырды «Rungis Market» атқарушы директоры Бенуа Джастер.
Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) жетекші өңірлік экономисі Эрик Ливни айтқандай, басты мәселе – даму институттарының ресурстарын пайдалана отырып, елдерді қалайша дамытқан дұрыс.
«Біз елдерді барынша тиімді және нәтижелі болатындай қалай дамыта аламыз? Мысалы,
Қырғызстан сияқты елдерде белгілі бір дәрежеде ұйымдастыру қажет. Онда тәртіп үлесін
енгізіп, революциялар санын азайту қажет. Ал Қазақстан сияқты елдерде түрлі бағдарламалар, DAMU қоры, ауыл шаруашылығын қолдау, басқа да іс-шаралар арқылы «Бәйтерек» жасап отырғандай, ШОБ-қа көбірек көңіл бөлу қажет. Бүгін осы жерге халықаралық, жергілікті компаниялардың өкілдері көп жиналған. Барлығының ел мүддесін қолдап отырғаны, сондай-ақ жеке сектордың әлеуетін үйлестіруде дамыту институттарының білімі мен қорларына қатысты, тағы басқа көптеген мәселелерде көзқарастарымыз бір арнаға тоғысқаны қуантады», - деп түйіндеді экономист.
Астана халықаралық форумы аясында «Бәйтерек» холдингінің өкілдері халықаралық компаниялармен және ұйымдармен іскерлік кездесулер өткізіп, инвестициялық мүмкіндіктер мен ынтымақтастық жайын талқылады. Кездесулерде инфрақұрылым, энергетика, көлік, туризм және Қазақстан экономикасының басқа да салаларын дамыту мәселелерін талқылау көзделді. Осылайша, Холдинг басшысы инвестициялық операциялар жөніндегі AIIB (Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі) вице-президентімен кездесті. Ол Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы мен қаланы дамыту үшін AIIB-тің қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ, «Al Rajhi International for Investmen» бас директоры және Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ахмед Әли әл-Дахилмен кездесу болды. Кездесуде Холдингтің және АӨК саласындағы еншілес кәсіпорындарының қаржылық қолдау құралдары, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Содан кейін Холдинг басшылығы MasterCard компаниясының өкілдерімен кездесті. Талқыланған басты тақырып – Bereke Bank-ті төлем жүйесіндегі эмитент және эквайер ретінде қалпына келтіру мәселесі болды. Қанат Шарлапаев қалпына келтіру аясында жасап жатқан MasterCard жұмысының жеделдігі мен жоғары тиімділігін атап өтті. Күш-жігерімізді біріктірсек, бұл процестің уақытын едәуір қысқартуға болады дегенді айтты.
Панельдік пікірталас аяқталғаннан кейін Холдинг басшысы Delong Steel Group делегациясымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда жоғары сапалы автомобиль болатын өндіру жобасын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Қанат Шарлапаев бұл жобаға қызығушылық білдіріп, қытайлық Changan, Chery және Great Wall брендтері қазақстандық зауыттарда өз көліктерін жинау туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Іс-шара соңында Қанат Шарлапаев Дүниежүзілік экономикалық форумның басқарушы директоры М. Душекпен кездесті. Бұл кеңесте Дүниежүзілік экономикалық форум өз қызметіне жеке секторды қалай тартатыны сөз болды. Сонымен қатар, ДЭФ пен «Бәйтерек» холдингі арасындағы ынтымақтастықтың көкжиегі қарастырылды.
Қазақстан елордасында «Астана» халықаралық форумы өтуде. Бұл іс-шараның мақсаты –
негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін күш-жігерді біріктіру. Форумның тақырыбы:
«Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында».
40-тан астам сессиядан тұратын Форумға 1000-нан астам делегат пен 100 спикер
қатысуда. Іс-шараға шетелдік үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен
ғылыми топтардың жоғары дәрежелі делегаттары жиналған.
Халықаралық форумда экономика мен қаржы, энергетика мен климаттың өзгеруі,
халықаралық даму мен тұрақтылық, сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік сынды
төрт негізгі тақырып қамтылады.