26.10.2021

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Тимур Жанкенің интернет-конференциясы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Тимур Жанкенің интернет-конференциясы

Құрметті достар! 27 қазан күні сағат 15.00-де «Ашық диалог» порталында (https://dialog.egov.kz/conference/2022) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолжетімді баспана» тақырыбында Интернет-конференция өтеді. Сіздердің сұрақтарыңызға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Тимур ЖАНКЕ жауап береді.

Сіз «Бәйтерек» холдингінің «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ еншілес ұйымдары арқылы берілетін құралдарына қатысты тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы сұрақтарыңызды порталда ЭЦҚ арқылы жолдай аласыз. Атап айтқанда, бұл тұрғын үй қарыздарын беруге, ипотекалық кредиттеуге, әкімдіктердің бағалы қағаздарын сатып алу арқылы құрылыс салушыларды қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлерге, үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беруге қатысты болмақ.

«Бәйтерек» холдингі 2013 жылы құрылған және еншілес ұйымдар арқылы қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсететін, агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыратын және елдегі қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамытатын еліміздің басты даму институты.



Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар