19.12.2024
- Холдинг туралы
Дүйсенбі, 24 сәуір, Астанада шахматтан әлем чемпионы — 2023 атағы үшін матч жалғасуда, онда Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь кездесті.
Шахматшылар арасында алғашқы ойынның жүрісін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев бастап берді.
Холдинг басшысы Чемпионаттың барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, «Бәйтерек» Қазақстанда мәдениет пен спортты дамытуға ықпал ететін бастамаларды әрдайым қолдайтынын атап өтті.
Айта кетейік, 2023 жылғы 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада, St Regis қонақ үйінде шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем чемпионы атағына Ян Непомнящий (ФИДЕ) және Дин Лижэнь (ҚХР) сайысқа түседі.