05.04.2022

Қанат Шарлапаев «Даму» қоры қолдау көрсеткен кәсіпорындарды аралады

Қанат Шарлапаев «Даму» қоры қолдау көрсеткен кәсіпорындарды аралады

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Бисімбайұлы Шарлапаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының (холдингтің еншілес ұйымы) бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған екі кәсіпорында болды. Сапар барысында өндірісті дамыту мәселелері талқыланып, компаниялардың өзекті мәселелері қарастырылды.

 Фото 2.jpg

«Камертон Компаниясы» ЖШС Қазақстан нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, жоғары сапалы ірімшік өнімдерінің кең ассортиментін өндіреді және өзінің өндірістік алаңдары мен қоймалары бар. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» және «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламалары шеңберінде 2016 жылғы маусымда «Дәм әуені», «Керемет» және «Lamboni» сауда маркаларымен, ал 2019 жылғы қарашадан бастап «Country House» сауда маркасымен ірімшік және ірімшік өнімдерін өндіру зауытын іске қосты.

Компанияның Ресей, Франция, Польша, Қырғызстан және литва сауда маркаларымен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастары бар. Бүгінгі таңда «Камертон компаниясы» ЖШС брендтері танымал және сұранысқа ие. Шығарылатын өнімдерді «Magnum Cash&Carry», «РАМСТОР Қазақстан», «INTERFOOD», «Скиф Трейд», «Metro C&C», «АлмаСтор», «Беккер и К», «Немецкий Двор» ірі дүкендерінің желілеріндегі сөрелерден және бүкіл Қазақстан бойынша көптеген басқа дүкендерден көруге болады.

Фото 3.jpg

«Келет» АҚ бүгінгі таңда Қазақстан нарығындағы СУ-АУА-ЖЫЛУ-ЭНЕРГИЯ бағыттары бойынша қажеттіліктерді, сондай-ақ тиісті өнімдер мен қызметтерді барынша толық көлемде ұсынатын жалғыз компания болып табылады. Қызметін кеңейту үшін компания «Даму Өндіріс» және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары шеңберінде жеңілдікті қаржыландыру алды.

Фото 4.jpg

Кәсіпорынның қызметі бірнеше рет әйгілі қазақстандық және халықаралық марапаттарға ие болды, олардың ішіндегі ең маңыздылары «Алтын» санатындағы Еуропаның аркасы және «Қазақстанның үздік тауары» мемлекеттік көрме - байқауында бірінші орын. Компанияның Қазақстанның барлық облыстарында 14 дилері, «Келет» АҚ-мен ынтымақтасатын 88 дүкені және 145 монтаждау ұйымы бар. «Келет» АҚ өнімін тұтынушылар Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің және ТМД-ның елдерінің әртүрлі аймақтарында орналасқан экономиканың барлық салаларының 15 мыңнан астам кәсіпорны «Келет» АҚ өнімдерін тұтынушылар болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар