Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

18.12.2024

«Бәйтерек» холдингінде агросекторды қолдауға арналған кредиттік желілер туралы келісімге қол қойылды

15.04.2022

Қанат Шарлапаев Қарағанды облысындағы «Бәйтерек» холдингі қаржыландыратын инвестициялық жобаларымен танысты

Қанат Шарлапаев Қарағанды облысындағы «Бәйтерек» холдингі қаржыландыратын  инвестициялық жобаларымен танысты

Саран қаласындағы индустриялық аймақ кеңейтілуде. Яғни, шина зауытынан басқа тағы екі зауыт салынуда. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев өнеркәсіп алаңында болды.

Шина шығаратын зауыт болашақта Орта Азиядағы ең ірі зауыттардың біріне айналуы мүмкін. Бастапқы кезеңде оның қуаттылығы жыл сайын 3,5 млн өнімді құрайды. Одан әрі жылына 9 млн көпбейінді шина шығаратын болады.

Құрылыс 2021 жылы басталды. Жобаны «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ бірлескен кәсіпорны – «KamaTyresKZ» ЖШС іске асыруда.

IMG-20220414-WA0009.jpg

Холдинг басшысына кәсіпорын 65%-ға дайын екені айтылды. Жоба жетекшісі Артем Крымов құрылыс барысында қиындықтар жоқ, жұмыс кесте бойынша, тіпті, кей тұстарда алдын-ала орындалуда дегенді айтты.

- Биыл барлық ғимараттар мен құрылысжайларды салуды бастадық. Олардың іргетастарын қалауға кірістік. Жабдықтар үшін барлық іргетастар 70% дайын, - деді Артем Крымов.

Зауыт осы жылдың соңында ашылады деп жоспарлануда. 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Зауыт қызметкерлері «Татнефть» компаниясының шина кәсіпорындарында тағылымдамадан өтіп жатыр.

- Шина өндіру зауыты – бұл ірі жоба, оны Өнеркәсіпті дамыту қоры («Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіретін Қазақстанның Даму Банкінің еншілес ұйымы) қаржыландырады. Жоба жұмыс орындарын ашуға және елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға бағытталған, - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

IMG_20220415_092723_629.jpg

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингінің басшысы автобус зауытына барды. Екі жылдың ішінде 400 маманнан тұратын топ өндірісті жолға қойып, автобустардың екі жаңа моделін, нақты айтқанда, төмен еденді қалалық және 10 метрлік автобус шығаруды игеруде. Зауыттың жаңа даму кезеңі болып табылатын автокомпоненттер өндірісі үшін цехтарды кеңейту және қалпына келтіру жоспарда бар.

Қанат Шарлапаев Саран қаласының өнеркәсіптік әлеуетінің зор екенін, алдағы уақытта тұрғындардың тұрақты жұмысы мен табысы болуы үшін мүмкіндік туатынын атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар