19.12.2024
- Холдинг туралы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әуежайының жаңа халықаралық терминалы бой көтеретін орынға ескерткіш капсула салды. Бұл рәсімінге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев та қатысты.
Жаңа терминал құрылысының жобасын іске асыруға 15% үлесі бар түрік инвесторларымен қатар «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ арқылы қатысады.
Бұл ретте әуежай иелері Еуропа қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, DEG неміс қаржы даму институты және Еуразиялық даму банкі атынан кредиторлар консорциумының жалпы сомасы 450 млн АҚШ долларына ұзақ мерзімді қарызын тартты.
Жаңа халықаралық терминалға бес жолаушылар трабы, 40 тіркеу бағаны, екі E-Gates бағаны, сауда нысандарына арналған 1 800 шаршы метр, тамақтануға арналған 2 200 шаршы метр, 300 шаршы метр VIP күту залы, ұшу кезіндегі 20 және келу кезіндегі 32 паспорт кабиналары, сондай-ақ жолаушылар мен жүкті тексеруге арналған тиісті жабдықтар кіреді.
- Әуежайды дамыту - қала үшін маңызды жоба. Жаңа терминал жолаушылар ағынын ұлғайтады, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, өңірде туризмді дамытуға мүмкіндік береді, авиатасымалдардың өсуіне ықпал етеді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашады, - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.